Алматыда балаларға арналған шығармашылық коворкинг ашылады

 

АЛМАТЫ. ҚАЗАҚПАРАТ — Алматыда шығармашылық бағыттағы ірі балалар коворкинг-орталығын ашу жоспарлануда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Нархоз университетінің бірлескен командасы, сәулетшілер, дизайнерлер WeArt деп аталатын кеңістік құратын болады. Біз балаларды 100% өзгерте алатынымызға сенімдімін. Олардың өмірін жарқын түстерге бояу керек. Жобаның мақсаты — әр бала өз дарынын жүзеге асыра алатын және өзін көрсете алатын, өз энергиясын шығармашылық арнаға бұрып, ертеңгі өмірлеріне жол ашатын дүниелер жасауға бағыттайтын орта құру», – деді Болат Өтемұратова Қорының PR-менеджері Алмас Қособаев.

550 шаршы метрлік коворкинг-кеңістік ертеңгі шебер-суретшілер, режиссерлер, мүсіншілер, әншілер, бишілер, Қазақстанды әлемдік аренада дәріптейтін, өздерін таба, таныта және өмірге жолдама алатын жастарға арналған ортаға айналуы тиіс.

WeArt жаңа балалар коворкинг-орталығы Нархоз Университетінің аумағында, асхананың төменінде бұрынғы көкөніс қоймасының орнында құрылады. WeArt бірнеше аймақтан тұрады.

«WeArt адамдар кездесуге, ойнауға, тректер жазуға, өнімдер жасауға, көрмелер мен шоу өткізуге болатын орынға ұқсайды. Шығармашылық академия – сарапшылардың балалармен кездесу орны. Балалар өздерін фотограф, сәнбике және дизайнер ретінде көрсете алатын толыққанды балалар сән үйі жұмыс істейді. Арт-студияда балалар мен суретшілер кездеседі. Мұнда музыкант балалар да жаттығып, интернетте жариялау үшін тректерді жаза алады. Бейнеклиптер жасауға, компьютерлік графика жасауға болатын бейне-зертхана құрылады. Арт-студияда балалар сурет салуды және суретшілермен бірлесіп көрмелер жасауды және бүгінгі күні барлық арт-үйірмелер жасауға үйрете алмайтын арт-объектілер жасауды үйренеді», – деп атап өтті А. Қособаев.

А. Қособаевтың айтуынша, жобаны іске асыру бірнеше бөлімнен тұрады. Бастапқы капитал жиналады. Техникалық-экономикалық негіздеме, дизайн, бюджет сметасы жасалады, содан кейін қамқоршылар кеңесі бұл үшін қанша қаражат бөлу керектігін шешеді. Қордың құрылтайшысы бұл жобаны қолдауға ниет білдірді.

А. Қособаев жобаның салтанатты тұсаукесерінде статистика бойынша елде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 34 мыңға жуық жетім бала тіркелгенін айтты. 22 мыңға жуық бала бөтен отбасыларда, олардың тәрбиесін өз мойнына алған мейірімді жүректері бар адамдардың қамқорлығында тұрады. 7 мың бала ел бойынша 140 интернатта тұрады.

«Қамқоршылар, тәрбиешілер әрдайым балаларға шығармашылық дарынын жүзеге асыруға мүмкіндік бере алмайды. Жақында олар «Аналар үйі» қорымен сөйлестік, олар қазақстандықтардың көпшілігіне кішкентай балалардың асырап алуға және отбасыларда тұруға құқығы бар деген ойды жеткізу миссиясын өз мойнына алды. Біз әрбір тілек білдірген бала қай отбасында өсіп, өскеніне қарамастан, шығармашылыққа  мүмкіндікке ие болуы керектігін қосамыз», – деді А.Қособаев.

 

http://www.inform.kz/ru/tvorcheskiy-kovorking-dlya-detey-otkroyut-v-almaty_a3094782