Марат Айтмагамбетов

Риддерде өрттен зардап шеккендерге көмек және аутизм орталықтарын мемлекетке беру

Болат Өтемұратовтың қайырымдылық қоры Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының маңындағы орман өрті салдарынан баспанасыз қалған әрбір отбасына 1 млн теңге бөлді. Табиғи және техногендік апаттардан зардап шеккендерге арналған «Көмек картасы» жобасы, сондай-ақ басқа да әлеуметтік және қайырымдылық бастамалары туралы қор директоры Марат Айтмағамбетов айтып берді.

– Марат Темірғалиұлы, «Көмек картасы» жобасының мәні жайлы және оған кім қатысуға құқылы екенін толығырақ айтып берсеңіз.

– Бұл – 2018 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан Болат Өтемұратов Қоры, Қызыл Жарты Ай қоғамы және Fortebank бірлескен қайырымдылық жобасы. Осы уақыт ішінде табиғи және техногендік апаттардан зардап шеккендерге жалпы сомасы 350 млн теңгеден астам көмек көрсетілді. Негізінен су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетіледі, бірақ Арыс қаласындағы оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстардан кейін ТЖ-ға ден қою тәжірибесі де болды.

Проект «Карта помощи» стартовал в 2018 году
«Көмек картасы» жобасы 2018 жылы басталды

Биылғы жылы Риддерде өрт болғанын білгеннен кейін, командамен шетте қала алмадық және қиындыққа тап болғандарды қолдау жолдарын іздей бастадық. Көмек уақтылы және орынды болуы үшін біз баспанасынан айырылған әрбір отбасына 1 млн теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетуді ұйғардық. Өкінішке қарай, өрт кезінде құрбансыз болған жоқ. Қайтыс болған Галина Филаретовна Спивакованың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.

Зардап шеккен отыз отбасының әрқайсысы номиналы 1 млн теңге болатын банк карталарын алды, ал көмектің жалпы сомасы 30 млн теңгені құрады.

– «Аутизм. Баршамызға бір әлем» бағдарламасын жүзеге асыру биыл  жалғасын таба ма? 

– Әрине, бұл – біздің аутистік спектрдің ауытқулары бар балалар мен олардың ата-аналарына қолдау көрсететін флагмандық бағдарлама. Бағдарлама аясында Нұр-Сұлтан, Алматы, Қызылорда, Өскемен, Ақтөбе, Орал, Шымкент, Петропавл және Павлодар қалаларында 9 «Асыл Мирас» аутизм орталығы ашылды. Соңғысын өткен жылдың желтоқсан айында Павлодарда аштық.

Открытие центра «Асыл Мирас» в Павлодаре
Павлодарда «Асыл Мирас» орталығының ашылуы

Біздің орталықтарымыздың есіктері күн сайын барлық ата-аналар мен балалар үшін ашық, мұнда ең озық әдістемелер бойынша даярлықтан өткен біздің мамандар АСА диагностикалау үшін мүлдем тегін көмектеседі және балада ауытқу анықталған жағдайда оны қажетті дағдыларды дамыту жөніндегі тиісті бағдарламаға тіркейді.  Біздің барлық орталықтарымыз Калифорния университеті мен Атлантадағы Marcus Autism Center әзірлеген американдық технологиялар бойынша сабақтар өткізеді. Бұл технологиялардың тиімділігі дәлелденді. Біздің орталықтарда оқыған немесе жаттығатын әрбір баланың дамуында ілгерілеу бар.  

– Олардың мемлекет құрған түзету орталықтарынан айырмашылығы неде?

– Біз АСА бар балалармен Кеңес Одағы кезіндегідей бұрынғы ескі әдіспен жұмыс істейтінін түсіндік. Біз мұндай тәсілдерден бас тартып, халықаралық тәжірибеге жүгінуді шештік. Біздің «Аутизм.  Баршамызға бір әлем» бағдарламамыз АҚШ пен Еуропада кеңінен қолданылатын, ғылыми дәлелденген әдістерге негізделген.

Қазақстанда мемлекеттік түзету кабинеттерінің жұмыс стандарттары «Асыл Мираста» қабылданған жүйемен сәйкес келмейді. Мысалы, біздің орталықтарда баламен сабақ 60 минутқа созылады, ал мемлекеттік түзету кабинетінде – 25-40 минут, бұл баламен тиімді жұмыс істеу үшін жеткіліксіз. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламада маманның кестесіне ата-аналармен жұмыс уақыты және бағдарлама аяқталғаннан кейін баланы бақылау кірмейді. Осы себептерге байланысты 2020 жылдың ортасынан бастап біз «Асыл Мирас» орталықтарын арнайы білім беру ұйымының жеке түрі ретінде заңнамалық айқындауға қол жеткіздік. Жақында мұндай бұйрыққа қол қойылды, біз оған өте қуаныштымыз. Енді Нұр-Сұлтан, Шымкент, Петропавл және Павлодар қалаларында әкімдіктермен серіктестікте ашылған орталықтарымыз «Аутистік асқынуы (АСА) бар балаларды қолдау орталықтары» мәртебесіне ие болды. Бұл дегеніміз, біз осы орталықтарда «Аутизм. Баршамызға бір әлем» бағдарламасын  толық көлемде және мемлекеттік бағдарламамен қайшылықсыз жүзеге асыра аламыз.

Сондай-ақ, біз қалған орталықтарды КММ (коммуналдық мемлекеттік мекемелер) форматында мемлекеттік басқаруға өткізуді бастаймыз. Бұл ретте біз бағдарламаның тиімділігін сақтаймыз, мамандарды оқыту процесін және олардың үздік тәжірибелерді пайдалануын бақылауды жалғастырамыз.

Біздің жоспарымызда жаңа орталықтар ашу бар. Қор осы бағытта өңірлік әкімдіктермен ынтымақтастықты жалғастырып, оқытуды, оның ішінде шетелдік сарапшыларды және орталықтарды толық жарақтандыруды өзіне қалдырады.

– Болат Өтемұратов Қоры тағы қандай қайырымдылық жобаларын қолдайды?

– Биыл Болат Өтемұратов Қоры «Халық» қайырымдылық қорының «Ел тірегі – Елбасы» науқанын қолдады. Оның мәні неде? Аз қамтылған көп балалы отбасыларға және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек көрсету. Біздің қор құрған 4 000 азық-түлік себеті еліміздің ең тығыз қоныстанған қалаларының: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қызылорда тұрғындарына жеткізілді.

Бұл – «Халық» қорының науқаны, біз оны қолдауды және пандемия мен карантиндік шектеулер жағдайында өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға қолдау көрсетуді шештік. Бүгінде біздің қоғам бұрынғыдан бетер бірігіп, мұқтаж адамдарға көмектесуі керек, сонда ғана біз барлық қиындықтарды жеңе аламыз.

– Қазақстанда ондаған қайырымдылық қорлары бар, бірақ Болат Өтемұратов Қоры жүзеге асыратын жобалар олардан өзгеше. Сіз мұндай жобаларды қайталамау үшін арнайы таңдайсыз ба?

– Шынында да, көптеген қорлар бар, олар әрқилы, әр түрлі деңгейлерде жұмыс істейді – қалалар, өңірлер, елдер. Болат Өтемұратов Қоры ел ауқымында ұлттық деңгейде жұмыс істейді, ал іске асырылып жатқан әлеуметтік жобалар, бірінші кезекте, халықтың әлеуметтік осал топтарына, оның ішінде балаларға, жасөспірімдерге, жастарға бағытталған.

Қордың мұраты: Қазақстанға бүгін және болашақта адамдар өмір сүруі үшін жақсы мекенге айналуға көмектесу. Бірақ оның құрылтайшысының ең маңызды месседжі – қордың мемлекет жүзеге асырып жатқан және қолдап отырған бастамалар мен жобаларды қайталамауы.

Марат Айтмагамбетов

Помощь погорельцам из Риддера и передача аутизм-центров государству

Благотворительный Фонд Булата Утемуратова выделил 1 млн тенге каждой семье, оставшейся без крова в результате лесного пожара в окрестностях города Риддер Восточно-Казахстанской области. Подробнее о проекте «Карта помощи» для пострадавших от природных и техногенных катастроф, а также других социальных и благотворительных инициативах рассказал директор Фонда Марат Айтмагамбетов.

– Марат Темиргалиевич, расскажите, пожалуйста, подробнее, что за проект «Карта помощи» и кто имеет право в нём участвовать.

– Это совместный благотворительный проект Фонда Булата Утемуратова, Красного полумесяца и Fortebank, который реализуется с 2018 года. За это время была оказана помощь пострадавшим от природных и техногенных катастроф на общую сумму более 350 млн тенге. В основном помощь оказывается пострадавшим от паводков, но также был опыт реагирования на ЧС после взрывов на складе боеприпасов в Арыси.

Проект «Карта помощи» стартовал в 2018 году
Проект «Карта помощи» стартовал в 2018 году

В этом году, узнав о том, что в Риддере произошёл пожар, мы с командой не могли оставаться в стороне и решили сразу искать способы, как можно поддержать тех, кто оказался в беде. И чтобы помощь была своевременной и целесообразной, мы решили оказать финансовую поддержку в размере 1 млн тенге каждой семье, лишившейся крова. К огромному сожалению, во время пожара не обошлось без жертв. Выражаю глубокие соболезнования родным и близким погибшей Галины Филаретовны Спиваковой.

Каждая из тридцати пострадавших семей получила банковские карты номиналом в 1 млн тенге, а общая сумма помощи составила 30 млн тенге.

– Продолжится ли в этом году реализация программы «Аутизм. Мир один для всех»?

– Конечно, это наша флагманская программа по поддержке детей с расстройствами аутистического спектра и их родителей. В рамках программы открыты 9 аутизм-центров «Асыл Мирас» в городах Нур-Султан, Алматы, Кызылорда, Усть-Каменогорск, Актобе, Уральск, Шымкент, Петропавловск и Павлодар. Последний мы открыли в декабре прошлого года в Павлодаре.

Открытие центра «Асыл Мирас» в Павлодаре
Открытие центра «Асыл Мирас» в Павлодаре

Двери наших Центров открыты для всех родителей и детей каждый день, здесь наши специалисты, подготовленные по самым передовым методикам, абсолютно бесплатно помогут диагностировать РАС и, в случае обнаружения у ребенка расстройства, зачислят его в соответствующую программу по развитию необходимых навыков.  Все наши центры проводят занятия по американским технологиям, разработанным Калифорнийским университетом и Marcus Autism Center в Атланте. Эти технологии доказали свою эффективность. У каждого ребенка, который занимался или занимается в наших центрах, наблюдается прогресс в развитии.  

– В чём их отличие от коррекционных центров, созданных государством?

– Мы поняли, что с детьми с РАС работают по старинке, как было принято ещё в Советском союзе. Мы решили отказаться от таких подходов и обратиться к международному опыту. Наша программа «Аутизм. Мир один для всех» базируется на научно доказанных методиках, получивших широкое применение в США и Европе.

В Казахстане стандарты работы государственных коррекционных кабинетов не совпадают с системой, принятой в «Асыл Мирас». Например, в наших центрах занятие с ребёнком длится 60 минут, а в государственном кабинете коррекции – всего 25-40 минут, чего недостаточно для эффективной работы с ребёнком. Также в государственной программе в расписание специалиста не включены часы работы с родителями и наблюдение за ребёнком после завершения программы. По этим причинам с середины 2020 года мы добивались законодательного определения центров «Асыл Мирас» как отдельный вид специальной организации образования. Недавно такой приказ был подписан, чему мы очень рады. Теперь наши центры, открытые в партнёрстве с акиматами в городах Нур-Султан, Шымкент, Петропавловск и Павлодар, получили статус «Центров по поддержке детей с аутизмом (РАС)». Это значит, мы сможем реализовывать в этих центрах программу «Аутизм. Мир один для всех» в полном объёме и без противоречия с государственной программой.

Также мы начинаем перевод оставшихся центров под государственное управление в формате КГУ (коммунальных государственных учреждений). При этом мы сохраним эффективность программы, продолжим контролировать процесс обучения специалистов и использование ими лучших практик.

В наших планах по-прежнему открытие новых центров. Фонд продолжит сотрудничество с региональными акиматами в этом направлении, оставляя за собой обучение, в том числе у зарубежных экспертов, и полное оснащение центров.

– Какие ещё благотворительные проекты поддерживает Фонд Булата Утемуратова?

– В этом году Фонд Булата Утемуратова поддержал акцию «Ел тірегі – Елбасы» благотворительного фонда «Халык». В чём суть? Помощь малообеспеченным многодетным семьям и семьям, воспитывающим детей с особыми потребностями. 4 000 продуктовых корзин, сформированных нашим фондом, были доставлены жителям самых густонаселенных городов страны: Нур-Султан, Алматы, Шымкент, Кызылорда.

Это акция фонда «Халык», мы решили поддержать её и оказать поддержку семьям, оказавшимся в сложной жизненной ситуации в условиях пандемии и карантинных ограничений. Сегодня, как никогда, наше общество должно сплотиться и помочь тем, кто больше всех в этом нуждается, потому что только так мы сможем преодолеть все невзгоды.

– Благотворительных фондов в Казахстане десятки, но проекты, реализуемые Фондом Булата Утемуратова, отличаются от них. Вы специально выбираете такие проекты, чтобы не повторяться?

– Фондов действительно много, они разные, работают на разных уровнях  – городов, регионов, страны. Фонд Булата Утемуратова работает на национальном уровне в масштабах страны, а реализуемые социальные проекты направлены в первую очередь на социально уязвимые группы населения, в том числе на детей, подростков, молодёжь.

Миссия фонда сформулирована таким образом: сделать Казахстан лучшим местом для жизни сегодня и завтра. Но самый главный месседж его учредителя, чтобы фонд не повторял те инициативы и проекты, которые уже реализуются и поддерживаются государством.