«Бұл менің мәселені басқа қырынан қарауыма көмектеседі»: Франсис Тиафо мен Адриан Маннарино Алматыдағы аутизм орталығына барды

Қазақстанда 10 жылдығын атап өтетін маңызды жоба туралы көбірек білгеннен кейін екеуі дүйсенбіде жергілікті балалармен кездесіп, әңгімелесті.

Авторы – Мэтт Фицджеральд

АЛМАТЫ — Франсис Тиафо мен Адриан Маннарино балалардың жүздеріне күлкі сыйласақ деген үмітпен Алматыдағы алғашқы «Асыл Мирас» аутизм орталығында болды. Балалармен қоштасар сәтте, олардың өздері орталықтан естен кетпес тәжірибеге риза болып, әсерленіп, жүздері жарқырай қоштасты. 

Ерекше қонақтар сыйлықтарын тапсырып, өздері бас сұққан алғашқы екі бөлмеден өзгеше суреттерді сыйға алды. Сапардың соңғы кездесуіне келгенде американдық пен француз өздері көрген аралас жұпқа таң қалды.

 «Нұр жаусын!» деген мағынаны білдіретін «Ассалаумағалейкум!» деген сөзді айтып,  барлығының қолын қатты қысып, жылы сәлемдескен сүйкімді Айбекті көрген кезде «Міне, мынау менің жігітім!» – деп Тиафо айқайлап жіберді.  

Кейіннен Тиафо жүзі бал-бұл жанған Арунаның Маннариномен бұрыннан таныс адамындай емен-жарқын сөйлескенін байқады. «Қараңыздар, ол шынымен де ағылшынша сөйлейді!» — деп таң қалды АҚШ Ашық чемпионатының екі дүркін жартылай финалисі.

Екі теннисші де Айбек пен Арунамен дамытушы ойындар арқылы жақынырақ танысты. Айбекпен әліпби бойынша жұмыс істей отырып, Тиафо оң жағында отырған балаға соншалықты тәнті болды.

«Бұл бала маған қарағанда дарынды. Бірақ менің менің мінезімнің қызба екені өздеріңізге белгілі ғой», – деді баламен өткізген уақыты туралы ойлағанда күлімсіреп Мэриленд штатының Хайатсвилл қаласының тумасы. «Бұл да маған ұнады. Мен мұны да есімде сақтаймын».

Маннарино: «Бос уақытымыз болған кезде адамдарға бір нәрсе беру және басқалармен жағымды сәттер мен қуаныштарымызды бөлісу өте маңызды деп ойлаймын» деп ойын жалғады.

Бүгінде Қазақстанда еліміздің 12 өңірінде 13 «Асыл Мирас» орталығы жұмыс істейді. Бұл жобаға Болат Өтемұратов қоры бастамашылық жасады, ол биыл өзінің онжылдығын атап өтуде. Құрылғаннан бері жобаның миссиясы аутизм спектрі бұзылған (ASD) балалардың өмірін жақсарту болып келеді. Оның жұмысының арқасында 16 000 бала тегін көмек алып, тегін оқу мен ресурстарға ие болды.

«Бұл мәселеге екінші қырынан қарауға көмектеседі. Кейде кейбір істеріңе көңілің толмай, өмірге болмашыға шағымданасың. Бірақ, түптеп келгенде, небір қиындықтармен өмір сүретін адамдар көп», – деп атап өтті Тиафо.

Маннарино мен Тиафо АТР турнирі Астанада өткен кезде осы жобаға уақыт бөлген Новак Джокович, Карлос Алькарас және Даниил Медведев сияқты теннис жұлдыздарының қатарына қосылды.

Алматыға олар Almaty Open турниріне қатысуға келген: Тиафо – алғашқы жол салушы, ал Маннарино – турнирдің қазіргі чемпионы (Астана, 2023). АТР-ның көрнекті қатысушылары Қордың тарихы мен оның алдағы бастамалары туралы қысқаша бейнероликті тамашалады. Қордың негізін қалаушы Болат Өтемұратов, Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алмаз Шарман және Қор директоры Марат Айтмағамбетов қысқаша түсінік беріп, сөз сөйледі, олар қатысушыларға шын мәнінде барлық бала үшін біртұтас әлем болатындай әлемді құру үшін жаһандық деңгейде АСБ-ны түсіну үшін қаншалықты көп жұмыстың қажет екенін еске салды.

«Егер компаниямызда балаларжың бір күнін жақсы, өзгеше етіп өткізе алсақ, бұл біздің  үлкен іс тындырғанымыз болар еді», – деді Маннарино.

«Мен балаларға олардың өмірдегі жағдайына қарамастан көмектескенді ұнатамын. Міне, бұл бәрінен де маңызды», – деп атап өтті Тиафо.

Дереккөз: Tennis.com