Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті ATF директорлар кеңесіне сайланды

Алдағы екі жылда Азия теннис федерациясының басқарушы органында еліміздің өкілі болады.

Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский 17 кандидаттың арасында үлкен дауыстар санымен Азия теннис федерациясының (ATF) директорлар кеңесіне өтті.

Осылайша, алдағы екі жылда Азия теннис федерациясының басқарушы органында еліміздің өкілі болады.

«Жақында АТФ отырысы өтті. Биылғы жылдың нәтижелері мен Азиядағы теннисті дамытудың 2022 жылға арналған жоспарлары талқыланды. Азия спортшыларының нәтижелері атап өтілді. Қазақстандық теннисшілер үнемі жоғары орындарға ие екенін ерекше атап өткен жөн. Біз өз жұмысымызда балалар мен жасөспірімдер теннисін дамытуға көп көңіл бөлеміз. Азия құрлығы — қарқынды дамып келе жатқандардың бірі, әлеуеті зор», – деп атап өтті Польский.

Естеріңізге сала кетейік, Азия теннис федерациясы Халықаралық теннис федерациясымен байланысты коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Бұл – Азия елдерінің ұлттық теннис қауымдастықтарының құрлықтық органы. ATF негізгі міндеттері Азия теннисінің сапа стандартын дамыту және арттыру болып табылады.

Дереккөз: https://ru.sputnik.kz/sport/20211117/18685493/Vitse-prezident-federatsii-tennisa-Kazakhstana-Yuriy-Polskiy.html