«Верный Капитал» коронавирусқа қарсы күреске миллион доллар бөледі

Коронавирустың жаһандық пандемиясы жағдайында елдегі экономикалық және әлеуметтік жағдайды тұрақтандыру үшін Қазақстан Президенті мен Үкіметі қабылдайтын шаралар кешенін қолдау мақсатында «Верный Капитал» компаниялар тобы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлтқа үндеуінен кейін республикалық коронавирусқа қарсы іс-қимыл қоры үшін 1 миллион доллар мөлшерінде соманы бөлу туралы шешімін хабарлайды.

«Бүгінде әлемде коронавирустық инфекцияның таралу қаупі және жаһандық пандемияны тоқтату үшін үкіметтер қабылдаған шаралар әсер етпейтін бірде-бір адам жоқ. Бұл – өте қиын кезең және көмектесу мен қолдау арқылы одан бірге өтуіміз керек. Мен қазақстандықтарға республикалық көмек қорына 1 миллион доллар аудару туралы шешім қабылдадым. Мен сондай-ақ компаниялар тобының кез келген жағдайда бизнесті әлеуметтік жауапты жүргізу қағидаттарына бейілділігін растаймын», – деп атап өтті Болат Өтемұратов.

Бұған дейін Болат Өтемұратов Қоры Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында коронавирусқа қарсы күрес шараларына 200 миллион теңге бөлген болатын. Бұл ақшаға қор ағзада COVID-19 вирусының бар-жоғын анықтау үшін экспресс-тест жинақтарын сатып алады және министрлікпен және денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесіп талдау жүргізудің мобильді пункттерін ұйымдастырады.

 

Дереккөз: https://tengrinews.kz/money/vernyiy-kapital-vyidelit-million-dollarov-borbu-395471/