Ақмола облысында Charity Tour de Burabay велошеруі өтті

Ақмола облысында Charity Tour de Burabay бесінші мерейтойлық қайырымдылық велошеруі өтті.

Бір жарым мың қатысушының 600-і Щучье-Бурабай курорттық аймағы бойынша 30 шақырымдық қашықтықтан өтті. Сондай-ақ спорттық іс-шара аясында аукцион өткізіліп, түскен қаражат балалар медициналық және тәрбие мекемелерін жарақтандыруға жұмсалады.

Шеруге қатысушылар спорттық іс-шара игі істер күнтізбесіндегі маңызды және күтілетін оқиғалардың бірі екеніне сенімді. Алдын ала есептеулер бойынша жиналған қаражат сомасы барлық бұрынғы рекордтарды жаңартып, меценаттардың жарналары есебінен 413 миллион теңгеден асады.

Асхат Әбдуәлиев, велошеруге қатысушы:

– Мен бұл шараға төртінші рет қатысып отырмын. Қайырымдылық, әрине, жоғары деңгейде болуы керек. Біздің қоғам бұл мәселеге байыпты қарауы керек. Церебралды сал ауруы бар балалардың проблемасына назар аударатын қорлар бар екені қуантады.

Дереккөз: http://24.kz/ru/news/sport/item/192296-veloprobeg-charity-tour-de-burabay-sostoyalsya-v-akmolinskoj-oblasti