Бұл туралы Астанада өткен V Халықаралық аутизм конференциясында хабарлады.
Аутизм мәселесімен айналысатын үздік сарапшылар 26 және 27 қыркүйекте Астанада өтетін «Асыл мирас. Аутизм. Барлығымыз үшін әлем біреу» атты бесінші халықаралық конференцияға қатысқан болатын.
Аутизмді ерте диагностикалау мәселелеріндегі соңғы ғылыми жаңалықтар мен соңғы әзірлемелерді талқылаудан бөлек, конференция шеңберінде педагогтарға, аутизм спектрі бұзылған (АСБ) балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, сондай-ақ психологиялық және педагогикалық пәндер бойынша оқитын студенттерге арналған практикалық семинарлар өтті.
Орталығы Қазақстанда орналасатын Кasari Lab өңірлік зертханасын ашу ниеті маңызды жаңалық болып отыр. Бұл Болат Өтемұратов қоры мен аутизм тақырыбы бойынша әлемдік көшбасшы болып табылатын Конни Касари (INSAR халықаралық аутизмді зерттеу қоғамының президенті, PhD, Калифорния университеті адамның дамуы және психология жөніндегі құрметті профессоры, АҚШ) арасындағы меморандумға қол қоюдың арқасында мүмкін болды.
«Қазақстанда аутизм туралы хабардарлық жыл сайын артып келеді және Меморандумға қол қою АСБ балаларды қолдау жүйесін одан әрі дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Қазақстандық мамандардың JASPER әдіснамасын қолданатыны қуантады және біздің Қормен ынтымақтастығымыз әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби қауымдастығын нығайтуға және аутист балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды барынша көбірек қолдау бойынша тиімді бағдарламаларды әзірлеуге мүмкіндік береді деп сенемін», – деп жаңалығын бөлісті Конни Касари.
Халықаралық конференцияда Ла Троб университеті (Австралия) Аутизмді зерттеу орталығының аутизмді анықтау және диагностикалау бөлімінің директоры, PhD, қауымдастырылған профессор, бас ғылыми қызметкер, психолог Джозефина Барбаро, Рединг университеті (Ұлыбритания) Психология және клиникалық тіл ғылымдары мектебінің PhD докторы, қауымдастырылған профессор Тереза Тавассоли, Калифорния университеті (АҚШ) JASPER Kasari Lab академиялық үйлестірушісі, PhD докторы Джонатан Панганибан баяндама жасап, АСБ нәрестелер мен жас балаларға ерте араласу, сондай-ақ, ESDM әдісін қолдана отырып, қашықтықтан оқыту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, іс-шараның екінші күні ерекше мұқтаж адамдарды одан әрі әлеуметтендіру және жұмысқа орналастыру тақырыбына айрықша назар аударылатын болады.
Болат Өтемұратов қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алмаз Шарманның айтуынша, бұл конференция АСБ-мен тікелей бетпе-бет келген адамдарға ғана емес, сонымен қатар оны қалай анықтау керектігін және аутизммен ауыратын адамдармен қалай қарым-қатынас жасау керектігін білмейтін басқа қазақстандықтарға үшін де пайдалы әрі қызықты болмақ.
«Әлемдегі АСБ диагностикасының орташа жасы – 4 жыл. Бірақ ғылым бір орында тұрмайды және диагностиканың заманауи әдістері қазірдің өзінде-ақ тиімділігін дәлелдеді. Бұл дегеніміз, бұдан былай 0 – ден 3 жасқа дейінгі сәбилердің ата-аналарының балаларын қоғамға әлдеқайда тезірек әлеуметтендіру үшін барлық мүмкіндіктері бар, бұл сондай-ақ АСБ-мен ауыратын адамдар туралы да хабардарлығы болуы тиіс деген сөз», – деп санайды Шарман.
Бағдарламаның толық нұсқасымен conference.utemuratovfund.org. сайтында танысуға болады. Іс-шара аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігімен, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен және ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумдарға қол қойылды.