The Ritz-Carlton Residences, Astana жыл резиденциясы деп аталды

2019 Residential Awards of Excellence корпоративішілік сыйлығының түрлі номинациялары бойынша The Ritz-Carlton Residences, Astana алты марапаттың иегері атанды.

Марапаттау рәсімі компания ішіндегі барлық резиденциялар арасында 10 жыл бойы өткізіліп келеді. Биылғы жылы іс-шара онлайн режимінде өткізілді. Қатысушылардың жалпы саны әлемнің барлық континенттері мен елдерінен 190-нан астам адамды құрады. The Ritz-Carlton Residences, Astana келесі номинацияларда атап өтілді: «Шағын резиденция иелерінің тартылуы», «Қызметкерлердің тартылуы», «Резиденцияны басқару», «Үздік практикалық инновациялар үшін марапат», «Жыл резиденциясы». Сонымен қатар, Жазира Денгелова, Residences Manager The Ritz-Carlton Residences, Astana «The Ritz-Carlton Residences арасындағы резиденцияның үздік көшбасшысы» марапатына ие болды. Айта кету керек, басқалармен қатар «Жыл резиденциясы» және «Жыл көшбасшысы» марапаттары ең маңызды және құрметті болып табылады.

Рәсім жыл сайын The Ritz-Carlton отбасының жаңа брендтерінің бірі The Ritz-Carlton Residences брендінің бөлімшелері арасында ең жақсы тәжірибелерді анықтау мақсатында өткізіледі. Ең алдымен, резиденция – меншік иесі жеке пайдалануға сатып алатын мүлік. Резиденция бөлімі қонақ үйден тыс жерде керемет қызмет алғысы келетін адал қонақтар үшін құрылды.

Бүгінгі таңда компанияның резиденцияларының көпшілігі Америка Құрама Штаттарында орналасқан. Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы резиденциялар – The Ritz-Carlton отбасындағы Еуропа мен ТМД аумағында орналасқан жалғыз резиденция. The Ritz-Carlton Residences, Astana сатуға арналған резиденциялардың шектеулі санын ұсынады және Сіз салтанатты апартаменттердің иегерлері бола аласыз.

Қонақ үй Talan Towers көп функционалды кешенінде – Астананың жаңа көрікті жерінде орналасқан, ол Нұр-Сұлтандағы алғашқы The Ritz-Carlton люкс қонақ үйін, The Ritz-Carlton Residences, А сыныпты элиталық бизнес-орталық пен сауда галереясын біріктірді. Жобаның инвесторы, «Verny Capital» компаниялар тобы тікелей инвестициялар саласында жұмыс істейтін Қазақстанның ірі компанияларының бірі болып табылады, оның қоржынына The Ritz-Carlton, Moscow және The Ritz-Carlton, Vienna кіреді. Жоба LEED халықаралық жүйесінің жасыл құрылыс стандарттарына сәйкес жүзеге асырылды. The Ritz-Carlton, Astana Нұр-Сұлтанның танымал символы – «Бәйтерек» монументін қоршап тұрған кеңістікке үйлесімді түрде жазылған.

 

Дереккөз: https://tengrinews.kz/buildings/the-ritz-carlton-residences-astana-nazvan-rezidentsiey-goda-405635/