Ақтөбеде балалар ауруханасына құны 22 млн теңге болатын күйікке қарсы керуерт сыйға тартылды

Керуерт қайырымдылық аукционында жиналған қаражатқа сатып алынды. Ол күйіктері ауыр балаларға арналған.

Болат Өтемұратов Қоры Ақтөбе облыстық балалар клиникалық ауруханасына құны 21,8 млн теңге болатын күйікке қарсы керуертті сыйға тартты. Сыйлық уақытылы берілді, балаларға арналған реанимация бөлімінде осындай бір ғана керуерт болған.

Күйікке қарсы керуерт флюидизация қағидатына негізделген: пациент көлденең жазықтықта, ол арқылы үлкен ауа ағыны өтетін микросхемалары бар ыдыспен жабылған жаймада жатады. Осының арқасында динамикалық тығыздық пайда болады да, пациент суда жатқан сияқты болады, бұл баланың терісіне қысымды азайтады.

«Аурухана жылына 12 мыңға жуық адамды қабылдайды. Оның ішінде биыл 83 бала күйікпен, оның 20-сы ауыр күйікпен түскен. Керуерт дәл осы ауыр науқастарға арналған», – дейді бас дәрігер Нұрлан Кожин.

Дәрігер Роман Андреевтің жағдайын еске алды. Бала 10 мың вольтты ток соққысынан қатты күйік алды. Ауруханада алтыншы сынып оқушысы бір жарым ай жатып, жақында ғана үйіне жіберілді. Дәрігерлер ата-аналардың немқұрайлылығына байланысты балалардың күйіп қалуының өсу үрдісін алаңдатарлық деп атайды.

Марат Айтмағамбетов керуертті Ақтөбе ауруханасына тапсырды

Марат Айтмағамбетов керуертті Ақтөбе ауруханасына тапсырды / informburo.kz суреті

Қор директоры Марат Айтмағамбетов медициналық жабдықтарға қаражат 2017 жылдың тамыз айында Бурабайдағы велошеру аясында өткен жыл сайынғы қайырымдылық науқанында жиналғанын айтты.

Қаражаттың бір бөлігі Ақтөбе, Петропавл, Талдықорған және Оралдағы балалар медициналық мекемелері мен қоғамдары үшін медициналық жабдықтар мен техника сатып алуға бағытталды. Биыл рекордтық қаражат жиналды – 168 млн теңге.

Оралдағы мүмкіндігі шектеулі балаларға Болат Өтемұратов Қоры бұған дейін арнайы инватакси автокөлігін сыйға тартқан болатын.

Назарбаев Өтемұратовты, Смағұловты және Құлыбаевты жоғары бағалады

ҚР Президенті сәрсенбі, 6 желтоқсан күні «Елді жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың қадамы» атты жалпыұлттық телекөпір барысында Қазақстанға қаржы салатын бірнеше кәсіпкерді атап өтті.

«Нұрлан Смағұлов Алматыда, Астанада Mega салуда, барлық жерде – ақша салады және осы ақшаға кредиттер алады. Қазақстанға инвестиция салады. Болат Өтемұратовты да мақтау керек: ол Ritz-Carlton-ға құнынан 25% салды, 75% инвестиция әкелді. Тимур Құлыбаев дәл осылай – St. Regis-ке қаражат салды», – деп бөлісті Қазақстан басшысы.

Назарбаевтың айтуынша, бұл екі қонақ үй әлемдік қонақ үй бизнесінде «жоғары бренд» болып табылады.

https://forbes.kz/news/2017/12/06/newsid_160895