АСТАНАДАҒЫ ҚЫЗЫҚТЫ ОҚИҒА: МЕНІҢ ТӘЖІРИБЕМ

Tennis Tour Talk, Флориан Хир

Қазақстан астанасына алғашқы сапарым.

АСТАНА, 4 қазан 2023 жыл

Бұрынғы Кеңес Одағына «қатысушы-елдердің» бірімен теннис турниріне қатысты танысқым келгенде менің тізімімде ұзақ уақыт бойы Өзбекстан бірінші орынға ие болып келген еді.  Алайда Covid-тен кейінгі үзілістен соң Өзбекстанда бірде-бір Challenger турнирі өткізілмеді. Оның арасында көптеген ойыншылар жергілікті теннис федерациясы бірнеше жылдан бері кәсіби турнирлер өткізіп жүрген Қазақстанда болған тәжірибелерімен бөліскен болатын. Менің естігендерім тек жағымды нәрселер еді, бұл менің орталықазиялық мегаполиске келіп, барлығын өз көзіммен көріп, сезінуіме жол ашты.

Қазақстан Теннис федерациясы (ҚТФ)  2020 жылы пандемия кезінде ATP Tour турнирге лицензия алу мүмкіндігін пайдаланғаннан бері әлемдегі аумағының үлкендігі жағынан тоғызыншы орын алатын ел халықаралық теннис аренасынан өз орнын тапты. Былтыр Қазақстан тіпті аз уақытқа болса да АТР-500 турнирінің деңгейіне дейін көтерілді, онда Астанада Стефанос Циципас, Даниил Медведев, Карлос Алькарас және Новак Джокович сияқты жоғары деңгейдегі ойыншылар қатысты. Сербтің жарық жұлдызы жеңімпаз болып шықты.

«Біздің мақсатымыз – өз үйімізде, Қазақстанда, теннисті танымал ету, Қазақстан теннисін шетелде әйгілі брендке айналдыру. Біз Қазақстанда теннисті ешкім қызықпайтын спорт түрінен әр адам ойнайтын спорт түріне айналдырдық, ал Астанадағы турнир аптасы теннисті барлығы ойнағысы келетін спорт түріне айналдырды»,-дейді Қазақстан Теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов.

«АТР турнирін өткізу соншалықты жоғары халықаралық деңгейдегі турнир өткізу үшін қажетті инфрақұрылымға көп жылғы инвестиция салмайынша, мүмкін емес. 2007 жылдан бері біз қажетті инфрақұрылым құруға, жастардың теннистік бағдарламаларын іске қосуға және таланттарды қолдауға 100 млн доллар инвестиция салдық. Біздің Қазақстанға инвестиция салуымыздың нәтижесінде хардты да, топырақ жабыны төселген де 364 теннис корты пайда болды, бұл біздің қызметімізді алғаш бастаған кезімізден төрт есеге көп».

Астана – Даладағы орда

Астана мегаполисі, жай ғана «астана» деп аударылады, қазақ даласының кіндігі – Сарыарқада орналасқан қаланың соңғы он жылдықта атауы бірнеше рет өзгерді. Астана климаты ыстық жазымен және тым суық қысымен ерекшеленеді. Үлкендігі жағынан елде екінші орын алатын 1,3 миллион адам тұратын қаладағы қашықтық соншалықты зор болуы мүмкін. Метро немесе жоспарланған жеңіл рельсті аспалы магнитке негізделген көлік? Әзірге жоқ. Алайда такси немесе жол талғамайтын американдық немесе азиалық  Uber автомобильдері қозғалыс үшін ең қолайлы тәсіл болып табылады.

2017 жылы Астанада дүниежүзілік Expo көрмесі өтті. Қала орталығындағы ғимараттар түріктің және жергілікті ұлттың нақышымен өрнектеліп, әрі батыстың, әрі шығыстың әдемілігі қатар өрілген астананы көз алдыңа әкеледі. Бұдан бөлек, көптеген жаңа монументтер пайда болды, атап айтқанда, Бәйтерек мұнарасы, ол қазіргі кезде Астана қаласының символы болып саналады, көкжиекті сипаттайтын зәулім-зәулім үйкер көз тартады. Қала тарихы бай, мәдениеті әр алуан қазіргі заманғы сәулет өнерінің қайнаған қазаны секілді.

Ерекше әсер қалдыратын көшелердің бірі Нұржол гүлзары (Нұр шашқан жол) болып табылады, оның батысы шатыр үлгісіндегі «Хан Шатыр» сауда орталығына шығысы Президент сарайына барып тіреледі, осының сыртында жоспарлы түрде салынып жатқан Астана өзінің бастапқы қалпын сақтап қалған. Астананы «қарама-қарсылықтар қаласы» деп те атайды, ол Қазақстанның жаны секілді.

«Қазақстан Еуропа мен Азияның ортасында өте ыңғайлы орналасқан. Әлемдік теннис күнтізбесінде Astana Open Америка мен Азияның турнирлері арасындағы маңызды оқиға болып табылады. Бұл ойыншыларға Азия турнирлеріне қатысу жолында Astana Open турниріне қатысуға мүмкіндік береді, бұл олардың бағалы рейтингтік ұпай жинауына жол ашады»,-дейді Өтемұратов.

«Былтырғы жылдың тәжірибесі АТР-500 деңгейіндегі турнирді өткізу бізге жоғары деңгейдегі ойыншыларды тартуға, табысымызды көбейтуге, жалпы алғанда, ойынға деген қызығушылығымызды арттыруға мүмкіндік беретінін көрсетті. Шын мәнінде, біз АТР 500 турнирінің тұрақты ұйымдастырушысы мәртебесін алғымыз келген болар еді.

Австриялықтар турнирге соншалықты ықыласпен қарайды

Осы аптада Астанада ашылған ашық чемпионаттың басында қазіргі кезде АТР 500 тізіміне кіретін турнирдің австриялықтардың теннис фестиваліне айналарын ешкім де болжап білмес еді. Себастьян Офнермен, Доминик Тиммен және Юрий Родионовпен бірге Альпі Республикасының үш өкілі тұңғыш рет Ашық чемпионат эрасында АТР турнирінің щирек финалына шықты.

Кицбюэль-2017-ден кейін Астанадағы Ашық чемпионаттағы АТР турнирінде өзінің екінші жартылай финалына жеткен және ықтимал чемпион Адриана Маннаринодан жеңіліс тапқан Офнер Орталық Азияның мегаполисінен айрықша әсер алып, барынша қайран қалды. «Маған бұл қала шынымен ұнайды, – деді Қазақстандағы Challenger-дің бірнеше жарысына қатысқан Офнер. Астанадағы Ашық чемпионат секілді олардың кейбіреулері Қазақстан Теннис федерациясының атшаптырым кешенінде өтеді. «Барлығы айнадай тап-таза, өте заманауи көрінеді. Мен бірнеше мейрамханада болдым, барлығы да мінсіз, мұнтаздай тап-таза».

Шамамен 1800 көрермен жиналған Beeline Arenaдағы қызу тартыспен өткен ширек финалдағы ойында  Офнерден ұтылып қалған Тим Қазақстанда екінші рет болды. «Мен мұнда 10 жыл бұрын Дэвис кубогында спарринг-серіктес ретінде болдым», – деп еске алды Тим, сірә, сол кездегі құбылмалы ауа райына байланысты болса керек. «Турнир қаңтар айында өтті, өңменіңнен өтетін 30 градус салқын болатын. Мұндай суықты бастан кешіру – мен үшін ерекше жағдай болатын».

2023 жылдың қазанында одан гөрі жұмсақтау ауа райы жағдайында – бұл аптада термометр бағаны тұрақты түрде 15 градустан ауытқыған жоқ – АҚШ Ашық чемпионатының бұрынғы чемпионы қаланы зерттеді. «Мен келіп кеткен кезден бкрі көп нәрсе өзгерген.Ол кезде құрылыс көп еді. Өкінішке қарай, жабық орын-жайларда өтетін турнирлерде сіздер ашық ауада аз уақыт өткізесіздер. Бірақ біз бірнеше рет көшеге шығып, таза ауа жұттық, жалпы алғанда, қала керемет», – деп сөзін түйіндеді Төменгі Австрия тұрғыны.