12 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында Altyn Samǵaý-2021 сыйлығын салтанатты табыстау рәсімі өтті. Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті жанкүйерлерімен бірге оқиғаларға толы жылдың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Olympic.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Қазақстан теннис федерациясы «Үздік ұлттық федерация» номинациясын жеңіп алды. Жеңімпазды Қазақстан ҰОК жанындағы арнайы құрылған комиссия анықтады. Жұмысқа көптеген критерийлер бойынша бағалау қойылды: инфрақұрылымды дамытуға қосқан үлесі, белсенділігі және жарыстарды ұйымдастыру деңгейі, халықаралық қызмет және, әрине, спорттық нәтижелер. 2021 жылы федерация 47 халықаралық және 28 республикалық турнир өткізді. Өңірлерде теннисті, сондай-ақ балалар спортын дамыту бойынша күшейтілген жұмыс жалғасуда. Бұл ретте жаттықтырушылар мен төрешілердің біліктілігін арттыруға баса назар аударылды.