bulat-utemuratov_22.10.2025_22.jpeg

Флавио Коболли Дэвис кубогының финалының номинациясына ие болып, ATP «әкімшісі» болып қала бергісі келеді

Осы аптада Алматыда дебют жасаған итальяндық өзінің турда өтіп жатқан екінші жылы ішінде жеткен жетістіктері мен сәтсіздіктері туралы ашық әңгімелеп берді

Авторы – Мэтт Фитцжеральд

ATP турының тұрақты «әкімшісі» біртіндеп өзінің әдеттегі емен-жарқын әрі  қызу мінезін қайта тауып келеді.

Флавио Коболли таяуда тығырыққа тірелді: ол жылдың басында әлемдік рейтингтің үздік 20-лығына енуіне себеп болған құмарлығы мен қызбалығынан айырылып қалғандай күй кешті. Итальяндық отандасы Лоренцо Музеттиге қарсы US Open үшінші айналымының ойынынан шығып қалғаннан кейін, ол Almaty Оpen турниріндегі дебют алдында мына төрт кездесудің үшеуінде жеңіліп қалды.

«Соңғы үш-төрт аптада мен айтарлықтай құмарымнан шығып ойнай алған жоқпын. Жыл қиын, күнтізбе өте тығыз болды», – деп ол TENNIS.com.-да ойын бөлісті – Турнир сайын ләззат алу оңай емес. Біз, әрине, ойыннан ләззат алуға тырысамыз, бірақ бұл әрқашан мүмкін бола бермейді.

Мен көп жаттығып, мұнда басқаша көңіл-күймен келдім. Кортта жиі жымиып, ашық-жарқын болуға тырысамын».

Коболли Қазақстанға келген соң сәрсенбіде өзінің алғашқы матчында Ринки Хиджикатаны 6:4, 7:5 есебімен жеңіп, сенімді ойын көрсетті. Үшінші артықшылықты теннисші корттағы өзінің көңіл-күйіне және беру желісіндегі оң нәтижелерге нақты өзінің әкелгеніне айрықша риза болды.

«Мен Ринкидің күшті қарсылас екенін білдім, сондықтан басынан бастап зейін қоюға, дұрыс көңіл-күйге бейімделуге және жауынгерлік рухты көрсетуге тырыстым. Осы жылы мен хардтағы ең жақсы матчтарымның бірін өткіздім», – дейді ол. – Менің ойымша, мен маусымдағы ең үздік доп беруді жақсы пайызбен көрсеттім. Маған бұл матч өте ұнады».

Коболли 2025 жылды United Cup-тағы екі жеңіспен бастады, бірақ содан соң қатарынан жеті жеңіліске ұшырады. Маусымның басында алған болмашы жарақаттан кейін пайда болған өзіне деген сенімсіздік, сондай-ақ турдың екінші жылындағы қиындықтар оған тыныштық бермеді. Ойында талай тәжірибесі бар Коболли соған қарамастан күресті жалғастырды, ақыр соңында оның жолы болды.

«Турда екінші жыл ойнау оңай емес. Өзіңіздің барлық жетістіктеріңізді, нәтижелеріңізді растауыңыз керек.»

Римнің тумасы өзінің алғашқы ATP кубогын Бухарест кортында көтерді, содан кейін турдың әлеуметтік желілерінің әкімшісі ретіндегі өз дебюті кезінде Гамбургтегі 500 деңгейлі турнирде лайықты жеңіске жетті. Бірнеше аптадан кейін, одан гөрі жылдамырақ жабында Коболли Уимблдонның ширек финалындағы жетістігін атап өтті және шілде айының соңына қарай рейтингте 17-ші орынға ие болды.

Бұл тағдырындағы өзі күтпеген өзгеріс болды.

«Бұл күтпеген жағдай болды, өйткені мен жылды сәтті бастаған жоқпын, аздап жарақат алдым. Біраз абдырап қалдым. Турдае екінші жыл қатарынан ойнау оңай емес», – деп ой түйеді ол.

«Сен өзіңнің барлық жетістіктеріңді, нәтижелеріңді растауың керек, сондықтан екінші маусымды бастау оңай емес. Мен өзімнің назарымды, ойымды өзгерттім. Мен нәтиже туралы ойлауды қойдым. Кортта ойнаудан ләззат ала бастадым. Қазір бұрынғыдан да көп жаттығамын, ұпай мен ақша тұрғысынан ғана емес, өзіндік сана-сезім, өзіңді тану жағынан да көптеген нәтижелерге қол жеткіздім».

bulat-utemuratov_22.10.2025_11.jpeg

Коболли итальяндық теннисшілер арасында ATP Tour рейтингінде Синнер мен Музеттиден кейінүшінші орында, ал Лучано Дардери төртінші орында.

Дүйсенбіде Алматыда Коболли Алатау ауданындағы Қазақстан теннис федерациясының жаңа теннис орталығының есігін ашу үшін қазіргі чемпион Карен Хачанов, Даниил Медведев және басқаларға қосылды. Іс-шараның бір бөлігі, Коболлидің түсіндіргендей, оны түп-тамырына қайтарды.

«Бұл керемет оқиға болды, мен онда алғаш рет Президентпен (Болат Өтемұратовпен) кездесуге мүмкіндік алдым. Мен ағашты бірінші рет отырғызған жоқпын, әдетте мұны мен кубокты жеңіп алған кезде жасаймын», – деп түсіндірді ол сәрсенбіде журналистерге.

«Италияда бұл – өзіндік дәстүрдің бір түрі. Маңызды оқиға болған кезде біз ағаш отырғызамыз. Менің ойымша, бұл – керемет нәрсе. Ағашта менің атым жоқ, бірақ мен оны түзетеді деп үміттенемін, өйткені бұл – енді менің ағашым ғой!»

ATP турнирінің Коболлиді өзінің алғашқы әкімшісі етіп тағайындауға негіз қалағаны сөзсіз. 23 жастағы бостандықсүйгіш жас жігіт жолда контент жасау кезінде өзінің жанды бейнесін көрсете отырып, осы рөлге кіріп үлгерді, бұл контентте ол өзінің құрдастарын, оның ішінде төрт дүркін Үлкен дулыға жеңімпазы Янник Синнерді де көрсетті.

Коболли бұл тәжірибені дамытуды жалғастыруға ниетті.

«Мен турға қатысушылардың барлығымен жақсы қарым-қатынаста болуға тырысамын. Адамдарды бақытты етемін деп ойлаймын. Сол сияқты мен жанкүйерлермен де осындай қарым-қатынас жасауға тырысамын», – дейді ол.

«Біз бұл «оғаш» дүниені әкімшімен бірлесіп жасадық, бірақ бұл көңілді әрі маған қатты ұнайды. Бұл – тек теннис жаттығулары мен кортқа назар аудару ғана емес, сонымен қатар көңіл көтеру әрі әр күніңнің қалай өтіп жатқанын, қандай да бір жаңа нәрсені көрсету мүмкіндігі.

Маған бұл өте ұнады. Мен мұны жалғастыра аламын және менің орнымды ешкім алып қоймайды деген ойдамын».

2024 жылы Коболли иығына қатысты қиындықтардың туындау себебінен маусымды өзінің жоспарлағанындай етіп аяқтай алмады. Әлемнің 22-ші ракеткасы өзін қайтадан  Флавио сияқты сезініп, биылғы жылды тек өзі үшін емес, өзгелер үшін де көңілді нотада аяқтағысы келеді. Дэвис кубогының финалы қараша айында Болоньяда өтеді, онда қабылдаушы ел қатарынан үшінші титул үшін күреседі. Отандастары Синер, Музетти, Маттео Берреттини, Лоренцо Сонего және Маттео Арналди Малагадағы соңғы екі турнирде бір немесе екі жеңіске жеткен командалардың құрамында болды.

Коболли өзінің спортшы ретіндегі жетістіктері оның өз еліне осы турнирдегі позициясын нығайтуға көмектесуге мүмкіндік береді деп үміттенеді.

«Бұл екі атақ сыйлаған тамаша жыл болды, бірақ жыл әлі де аяқталған жоқ. Мен кортта позитивті және зейінді болу үшін өзімді қалай баптау керектігін білемін», — дейді Коболли.

«Осы турнирден кейін менің алдымда Вена, Париж тұр және мүмкін Мец те болар. Мен Дэвис кубогының бес қатысушысының бірі болуға тырысамын. Бұл – менің басты арманым. Мен бұл мүмкіндікке қол жеткізгім келеді».

Әкімші желіден шығады.

Дереккөз: Tennis.com