Бұл қаражат су тасқынынан зардап шеккен адамдарға пәтерлер сатып алуға және үй салуға жұмсалады.
«Су тасқынына байланысты осынау өте қиын жағдайда мемлекеттің, бизнестің және азаматтық қоғамның ресурстарын біріктіру табиғи апаттың салдарымен күресудің бірден-бір жолына айналып отыр. Жедел әрі тиімді іс-шаралар қабылдау су басқан өңірлердің тұрғындары үшін өмірлік маңызды міндеттерді табысты шешудің және ықтимал экологиялық апаттың алдын алудың кепілі болып табылады», – деді Алидар Өтемұратов.
Өткен аптада Болат Өтемұратов Ақтөбе облысына 10 миллиард теңге бөлді.
Сондай-ақ, су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмек көрсету үшін Демеу Қазақстан қорына 680 миллион теңге аударылды.
Дереккөз: Ulysmedia.kz