Өтемұратов ағылшын сотының шешіміне түсініктеме берді

Белгілі кәсіпкер Болат Өтемұратов ағылшын сотының шешіміне түсініктеме берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz

Бұған дейін ағылшын соты Болат Өтемұратовтың активтерінен шектеулерді алып тастағаны хабарланған болатын. 

«Мен ағылшын сотының менің активтеріме шектеу қою туралы шешімінің күшін жоюға және БТА Банкінің талабын қайтарып алуға қанағаттанамын. Біздің заңгерлер тобы қысқа мерзімде менің қатысы жоқтығымның негізгі дәлелдерін жинау бойынша жұмыс жүргізді. Біздің компаниялардың жұмысы ашықтық қағидаттарына негізделгенін, заңды құрметтеуге және корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелеріне негізделгенін атап өткім келеді», – деді Өтемұратов.

«Мен үшін бедел мен адал есім әрқашан бірінші орында. Осы қиын кезеңде мені қолдағандардың барлығына – менің отбасыма, достарыма, серіктестеріме, топ («Верный Капитал») компанияларының ұжымдарына және барлық қамқор адамдарға алғысымды білдіргім келеді», — деп қосты ол.

БТА Банкінің талабы бастапқыда 2015 жылы Мұхтар Әблязов пен Ильяс Храпуновқа қойылды. Содан кейін жауапкерлердің тізімі кеңейтілді, оған 2020 жылдың қараша айында Болат Өтемұратов және оның бизнес-құрылымына кіретін бірқатар тұлғалар енгізілді. Кейінірек Болат Өтемұратов пен БТА Банкінің өкілдері арасындағы келіссөздер нәтижесінде құпия келісімге қол қойылғаны белгілі болды, оған сәйкес банк өз талабын қайтарып алуға міндеттенді. 

Болат Өтемұратов — Forbes тізіміне кіретін қазақстандық кәсіпкер. Қазақстан теннис федерациясының президенті және қоғам қайраткері.

 

Дереккөз: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/utemuratov-prokommentiroval-reshenie-angliyskogo-suda-422595/