Велошеру барысында қайырымдылық аукционы өтті, оған 121 млн теңге жиналды.
Щучье-Бурабай курорттық аймағында Болат Өтемұратов Қоры мен Rixos Borovoe ұйымдастырған алтыншы Burabike қайырымдылық велошеруі өтті. Биылғы жылы іс-шараға 2300-ден астам адам тіркелді, оның ішінде 841 адам 30 шақырымдық велоқашықтықты еңсерді. Қазіргі уақытта жиналған қаражат сомасы 205 млн теңгеге жетті – демеушілік және тіркеу жарналары, қайырымдылық аукционы, жәрмеңке, жеке қайырымдылықтар.
Burabike – бұқаралық спорттық іс-шара, оның мақсаты Қазақстанның балалар ауруханаларын өмірлік қажетті медициналық жабдықтармен жарақтандыру үшін қаражат жинау болып табылады. 6 жыл ішінде Burabike қатысушылары мен қонақтары қайырымдылыққа 700 миллион теңгеге жуық қаражат бөлді.
Велошерудің ашылуы Денис Тенді еске алуға арналған бір минуттық үнсіздіктен басталды, іс-шараны ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және Astana Pro Team командасының бас менеджері Александр Винокуров бастады.
«Мен кезекті Burabike шеруіне қатысқаныма және жыл сайын қатысушылардың саны артып келетініне қуаныштымын, өйткені басты мақсат – қайырымдылық. Astana Pro Team командасы үшін бұл велошеруге қатысу дәстүрге айналды», – деді Винокуров.
«Біз Burabike 2018-де тіркеуді мерзімінен бұрын жабуға мәжбүр болдық, өйткені біз барлық тілек білдірушілерді физикалық түрде қабылдай алмадық. Келесі жылы мұндай мүмкіндік пайда болады деп ойлаймыз. Burabike танымалдығы жыл сайын артып келе жатқанына және қазақстандықтардың қайырымдылыққа көбірек тартылатынына қуаныштымын», – деді Болат Өтемұратов.
Велошеру барысында қайырымдылық аукционы өтті, оған 121 млн теңге жиналды. Лоттар ретінде сатылды:
Брэндон Боченскийдің «Барыс» ХК формасы, қолтаңбасымен. 3 миллион теңгеге сатылды
Лейла Махаттың «Таулар. Су. Индиго» суреті. Қазіргі қазақстандық суретші. 5 миллион теңгеге сатылды
Брэндон Боченскийдің «Барыс» ХК формасы, қолтаңбасымен. 3 миллион теңгеге сатылды
Лейла Махаттың «Таулар. Су. Индиго» суреті. Қазіргі қазақстандық суретші. 5 миллион теңгеге сатылды
Геннадий Головкиннің қолтаңбасы бар қолғаптар 6 миллион теңгеге сатылды
2018 жылдың желтоқсанында Испанияда Astana Pro Team жаттығу лагерінде үш күндік сертификат. 11 000 000 теңге.
Новак Джоковичтің қолтаңбасы бар ракеткасы 11 млн теңгеге сатылды
Арнайы Burabike 2018-ге қолтаңбасмен Рафаэль Надаль ракеткасы. 17 млн теңгеге сатылды
Рафаэль Надаль қолтаңбасы бар кәдесый добы. 2 млн теңге
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының танымал кардиологы Юрий Владимировичтен суреті. Картинаны оның пациенті салған, 6 млн теңгеге сатылды
Аты аңызға айналған футболшы Пеленің ретро формасы, қолтаңбасымен. 5 млн теңгеге сатылды
Ресейдің Үлкен театрына эксклюзивті экскурсия сертификаты. 4 млн теңгеге сатылды.
Technogym компаниясының ерекше дизайны бар велошеруге арналған эксклюзивті велоқұрылғысы. 4 млн теңгеге сатылды.
Зарина Дияс қолтаңбасы бар ракетка 2 млн теңгеге сатылды
Тур Де Франс түстеріндегі Аргон 18 велосипеді 25 млн теңгеге сатылды
Батырхан Шөкенов қорынан Батырдың «Отан Ана» альбомының бірегей винилді басылымы 10 млн теңгеге сатылды
«Асыл Мирас» аутизм орталықтарындағы балалар картиналарының жиынтығы 10 млн теңгеге сатылды
Велошеруден түскен барлық қаражатқа Меркі ауданының орталық аудандық ауруханасы (Жамбыл облысы), Тимирязев аудандық орталық ауруханасы (СҚО), Панфилов ауылындағы перзентхана және Алакөл аудандық орталық ауруханасы (Алматы облысы), Ағадыр кентіндегі ауылдық аурухана (Қарағанды облысы) үшін өмірлік маңызды медициналық жабдық сатып алынады.
Әр түрлі жылдардағы алымдар сомасы:
2013 жылы – 11,5 млн теңге
2014 жылы – 87 млн теңге
2015 жылы – 105 млн теңге
2016 жылы – 100 млн теңге
2017 жылы – 168 млн теңге
2018 жылы – 205 млн теңге (аралық деректер)