The Banker екінші рет ForteBank-ті Қазақстандағы жыл банкі деп таныды

Сарапшылар банктің жеңісін қамтамасыз еткен факторлар нарықтық позициялардың күшеюі және қаржылық көрсеткіштердің өсуі болғанын атап өтті.

ForteBank The Banker журналының нұсқасы бойынша «Қазақстандағы жыл банкі» деп танылды, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі. Марапаттау рәсімі Лондонда өтті.

The Banker журналы жыл сайын әлемнің 140-тан астам елінен ең үздік қаржы институттарын таңдайды. Үздік банкті анықтаудың негізгі критерийлері банктің қарқынды өсуі, инновациялық банк технологияларын әзірлеу мен енгізу және стратегиялық жобаларды іске асыру болып табылады.

The Banker журналы 1926 жылдан бері басылып келеді және Financial Times тобына кіреді.

ForteBank басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили банктің қиын нарықтық жағдайларға қарамастан сенімді өсу көрсеткенін атап өтті.

«Біз The Banker басылымына біздің жетістіктерімізді жоғары бағалағаны үшін ризамыз. Екі жыл қатарынан марапаттау тиімді қызметті және дұрыс таңдалған стратегияны растайды. Нарықтың қиын жағдайында ForteBank бизнестің барлық салаларында табысқа жетіп, сенімді өсуді көрсетті», – деп атап өтті Гурам Андроникашвили.

The Banker сарапшылары ForteBank жеңісін анықтаған негізгі факторлар нарықтық позициялардың күшеюі, негізгі қаржылық көрсеткіштердің өсуі, бизнестің жаңа бағыттарының дамуы және клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасы екенін атап өтті.

ForteBank активтер мөлшері бойынша Қазақстанның ең ірі бес банкінің қатарына кіреді және капиталдандыру мен өтімділік деңгейі бойынша көшбасшы орында.

Дереккөз: https://informburo.kz/novosti/the-banker-vo-vtoroy-raz-priznal-fortebank-bankom-goda-v-kazahstane.html