2018 жылы Болат Өтемұратов Қоры жалпы сомасы 726 411 600 теңгеге жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр

Қордың жаңа жобаларының қатарында – балалардың церебралды сал ауруының пайда болу тәуекелдерінің себептерін зерттеуді қаржыландыру бар.

 

12 желтоқсанда Астанада Болат Өтемұратов Қорының қамқоршылық кеңесінің отырысында 2018 жылға арналған қайырымдылық жобаларының жоспары бекітілді. Істер тізіміне Қор 2014 жылдан бері жүзеге асырып келе жатқан жобалар кірді. Бұл: Аутистік спектр  асқынулары (АСА) бар балаларға көмек көрсетудің үздік әлемдік әдістемелерін зерттеу мен енгізуді, 2015-2017 жылдар аралығында Астана, Өскемен, Қызылорда және Алматыда 1500-ден астам бала өткен аутизм-орталықтар желісін дамыту мен кеңейтуді қамтитын «Аутизм. Баршамызға бір әлем» бағдарламасы Қор бағдарламаны қолдауға және дамытуға 2018 жылы 500 000 000 теңге жұмсайды.

 

Қордың жаңа жобаларының қатарында – балалардың церебралды сал ауруының пайда болу тәуекелдерінің себептерін зерттеуді қаржыландыру бар. Тиісті келісім 11 желтоқсанда Болат Өтемұратов Қоры мен Аружан Саин басқаратын «Милосердие ерікті қоғамы» қоғамдық қоры арасында жасалды. 

 

Сондай-ақ Болат Өтемұратов Қоры мен «Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамы» арасында 2018 жылы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету туралы келісімге қол қойылды. Жоба ForteBank-пен бірлесіп жүзеге асырылады, оның төлем карталары табиғи апатқа ұшыраған азаматтарға берілетін болады. Карталарға ең керекті: азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім-кешек және жеке гигиена заттарын сатып алу үшін қажетті 20-30 мың теңге мөлшерінде сома аударылатын болады. Бұл жобаға 67 200 000 теңге жұмсалады.

 

Болат Өтемұратов Қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алмаз Шарман Қазақстанның балалар аудиториясына бағытталған жоба туралы айтып берді.

«Баламан» – бұл үйде де, мектепте де сақталуы керек салауатты өмір салтын насихаттау бағдарламасы. Қазірдің өзінде аттас balaman.kz веб-сайты жұмыс істейді, мұнда балалар дұрыс тамақтану, гигиена және дене шынықтыру тақырыбында мультфильмдер көре алады. Біз әр түрлі тәсілдерді қарастырамыз және «вайнерлер» мен «ютюберлер» қатысатын пайдалы ақпарат берудің жаңа форматтарына ашықпыз.

Сондай-ақ алдағы жылы Болат Өтемұратов Қоры «Нархоз» университетінің аумағында 550 шаршы метрлік шығармашылық кеңістікті жөндеу және жарақтандыру шығындарын өз мойнына алады. Мұнда 2018 жылдың ортасында WeArt балалар және жастар өнер орталығы жұмыс істей бастайды. Бұл шығармашылық хабтың мақсаты – балалар үйі мен интернат тәрбиеленушілеріне, мүмкіндігі шектеулі отбасылардан балаларға, мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастарға бейнелеу өнері мен мүсін, кино және анимация, киім дизайны мен музыкада өз таланттарын жүзеге асыруға көмектесу. Жобаны жүзеге асыруға қор алдағы жылы 21 млн. теңге бөледі.

 

Болат Өтемұратов Қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі Арманжан Байтасов БАҚ өкілдерімен кездесуде қайырымдылық ұйымдарының қызметін жариялауға деген көзқарасын өзгертуге шақырды.

 

Қазақстанда ресми деректер бойынша аутистік спектр асқынуы бар 3000 бала тіркелген. Шетелдік сарапшылардың пікірінше, олардың саны осы мәліметтерден 10 есе көп. Болат Өтемұратов Қоры 2014 жылдан бастап «Аутизм. Баршамызға бір әлем»  бағдарламасын сәтті іске асырады. Бірақ аутизммен ауыратын балалары бар барлық азаматтар бұл туралы біле бермейді, – деді Арманжан. — Біздің міндетіміз – қайырымдылық ұйымдарының қызметі туралы халықты ақпараттандыруға көмектесу. Мен цех бойынша әріптестерімді сананы өзгертуге шақырамын. Мен кейде кейбір бұқаралық ақпарат құралдары үшін, әсіресе мемлекеттік қолдау алатын бұқаралық ақпарат құралдары үшін ыңғайсызданамын. Мен сіздерден қайырымдылық материалдарын жариялау үшін ақы сұрауды тоқтатуыңызды сұраймын!