Astana Open ATP 250 қатысушыларының құрамы жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚАЗАҚПАРАТ — ASTANA OPEN ATP 250 санатындағы беделді халықаралық турнирдің негізгі раунд ойыншыларының алдын ала тізімі жасалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Торға қазақстандық Александр Бублик, сондай-ақ: Кристиан Гарин (Чили, әлемнің 19-ракеткасы), Аслан Карацев (Ресей, әлемнің 24-ракеткасы), Филипп Крайнович (Сербия, әлемнің 38-ракеткасы), Душан Лайович (Сербия, әлемнің 40-ракеткасы) былтырғы Astana Open чемпионы – Джон Милман (Австралия, әлемнің 43-ракеткасы), Бенуа Пэр (Франция, әлемнің 49-ракеткасы), Лоренцо Музетти (Италия, әлемнің 58-ракеткасы), Маккензи Макдональд (АҚШ, әлемнің 60-ракеткасы) және басқалар кірді.

Жарыстың негізгі раундында Бубликтен басқа ерлер ұлттық құрамасының барлық мүшелері де өнер көрсетеді: Михаил Кукушкин, Андрей Голубев және Александр Недовесов. Біздің жас ойыншылар: Дмитрий Попко, Тимофей Скатов, Денис Евсеев, Бейбіт Жукаев, Достанбек Ташбулатов, Григорий Ломакин іріктеу арқылы оларға жолдама алады.

Турнир Нұр-Сұлтан қаласында 2021 жылғы 19-26 қыркүйек аралығында өтеді.

Дереккөз: https://www.inform.kz/ru/ob-yavlen-sostav-uchastnikov-astana-open-atp-250_a3827701