bulat-utemuratov

Rolex Paris Masters турнирінің жартылай финалисі Александр Бублик-Қазақстан үшін үлгі: «Ол-бүкіл ел үшін үлгі».

Мasters 1000 сериялы турнирдің жартылай финалына алғаш рет шыққан әлемнің 16-шы ракеткасы Қазақстан жастарының еліктеп, ұқсауға ұмтылатын үлгісіне айналды, өзінің болмысының соншалықты қайшылықты әрі тартымды болуымен-ақ жұртшылықтың таңданысын тудырып, өзіне тәнті етті әрі бұл теннистің дамуына ықпал етеді.

Александр Бублик пен Париждің арасында шынайы махаббат пен нағыз жеккөрушілік сияқты екіұдай сезім шарықтау шегіне жетті және бұл – бәсекелестік үшін табиғи нәрсе. Сейсенбіде ол Париж жұртшылығына титтей де аяушылық танытпады, екінші айналымда жеңіске жеткеннен кейін Корентен Мутенің ығырын шығарып, тіпті арасында көңілге тиер сөз айтудан да қысылмады, алайда биыл қазақстандық үшін елордадағы жағдай өте жайлы болып тұр. Маусым сәтсіз басталғандықтан, ол өткен жылы маусымда дәл осы «Ролан Гарроста» өзін  қалпына келтіріп, Үлкен дулығада өзінің алғашқы ширек финалына жеткенін есінен шығармайды.

Әлемдік рейтингтің 16-шы ойыншысы мүлдем басқа адамға айналып, содан бері төрт финалда төрт титулды жеңіп алды және осы маусымда үздік-10 ойыншыларын алты рет жеңді (серия жалғасуда). Осы аптаның өзінде ол екеуін жеңді: бүгін түстен кейін Феликс Оже-Альяссимге қарсы қатарынан үшінші жеңісті ресімдеуге тырыспас бұрын (10-шы) бейсенбіде ол екі сетте Тейлор Фрицті (4-ші), ал жұмада өте шиеленісті жекпе-жектен кейін (6-7 [5], 6-4, 7-5) Алекс де Минорды (6-шы) жеңді.

Турдың не істейтінін болжап болмайтын ғажап ойыншысы үшін мұндай күтпеген тұрақтылық оның 28 жасында үздік 10-ға жақындауына және мансап жолында тұңғыш рет Мasters 1000 сериясының жартылай финалына шығуына мүмкіндік берді. Осылайша, ол осы санаттағы турнирлерде ең мықты төрттікке жеткен алғашқы қазақстандық ер адам болады. Орталық Азияның басты жұлдызы болып табылатын ойыншы үшін символдық шекара, оның әдеттен тыс оқыс мінез-құлқы мен жиі қайталанатын эмоционалдық тұрғыдағы іс-әрекеттері оның абырой-беделіне нұқсан келтіре алмады. Керісінше, 2016 жылдан бастап Бублик өзінің жаңа отанында жас спортшылар үшін үлгіге, өнеге аларлық тұлғаға айналды.

Ресейде өскен ол 19 жасында, өзіне дейін және өзінен кейінгі көптеген адамдар сияқты, көрші Қазақстанның жобасына қосылды, ол ұзақ уақыт бойы әлемдік деңгейге шығу үшін қаржы іздеп жүрген жас ресейлік ойыншыларға үміт артты.

Шамамен он жыл өткен соң, ел «өзінің» жас спортшыларын хоккеймен және жекпе-жек күреспен бәсекелесу үшін тенниске тарту арқылы даму стратегиясын өзгертуге тырысады. Теннис пен кәсіпқойлық туралы өзінің көзқарасын насихаттайтын әдеттегі стандарттардан алыс, оғаштау ойыншы Бублик Уимблдонның 2022 жылғы чемпионы Елена Рыбакинамен бірге елдің басты ткөзірінің бірі болып қала береді.

 «Оның біздің спортымызды жастар үшін тартымды етудегі рөлі зор», – деп түсіндіреді қазақстандық теннистің ауқымды дамуына жетекшілік еткен миллиардер және Федерация президенті Болат Өтемұратов. «Мен оның ұлты туралы көп әңгіме болғанын білемін. Бірақ біздің мақсатымыз -қалыптасқан ойыншыларды тарту емес; Біз талантты спортшыларға мүмкіндік береміз, ал Бублик осы мүмкіндікке тап болды. Ол үздіктер қатарына кірер алдында Қазақстан үшін өнер көрсете бастады, қиындыққа тап болған кезде бізге келді. Бұл оның кәсіби тенниске әкелген жолы болды. Ол қазір біздің жас ойыншыларымызға шабыт беруде және біз үшін осы құштарлықты әкелетін танымал чемпионның болуы өте маңызды».

 2024 жылы Қазақстан азаматтығын алған Александр Шевченко (рейтингте 99-шы) Дэвис кубогы бойынша серіктесінің тартымдылығына көз жеткізіп үлгерді. «Мұнда оның соншалықты қуатты медиа қолдауы бар. Бұл негізінен оның мінезі мен ойын стиліне байланысты. Адамдардың көпшілігі тек Бублик жасай алатын соққыларды көру үшін тенниске қызығушылық танытады; ал бұл оның қолынан келеді». Оның бейнесі қазан айының басында Алматыда өткен ATP 250 турнирінің барлық плакаттарға сән берді, ал Бублик турнир басталмас бұрын бірнеше күн бұрын ұйымдастырушыларды әкеліп, өзінің әдеттегіден тыс ойыншы ретіндегі беделін растады. Бірақ бұл оның, әсіресе жергілікті жаттығу бағдарламасынан өтіп жатқан жас ойыншылардың назарында болуына еш кедергі болмады. «Ол білгенін аямайды және бізге шын көңілімен көмектеседі», – деді ATP рейтингіндегі 1002-ші ойыншы, 17 жастағы Әмір Омарханов,. «Біз Уимблдон мен «Ролан Гарроста» бірнеше рет бірге жаттығу жасадық, ол жаттығуды бәрі оңай әрі қалыпты болатындай етіп жасайды. Бірге болған кездерімізде менің қысылып-қымтырылмауым үшін, өзімді еркін сезінуімен жағдай жасап, өзі бірінші болып қадам жасайды, бәрі соншалықты оңай».

«Оның ел үшін үлгі екені анық», – деп жалғастырды әлемдік рейтингтегі 292-ші Бейбіт Жұқаев. «Мұндай ұлы ойыншылардың бізге қарсы емес, бізбен бірге болғаны қашан да жақсы. Жасөспірімдер мен одан да жас спортшылар үшін бұл – ең үлкен шабыт. Менің өзім де оған ұқсап алға жылжуға, матчтар мен турнирлерде жеңіске жетуге ұмтылған жас ойыншылардың бірі болдым. Ол алға қарай баратын жолды көрсетеді».

Жұма күні Алекс де Минорды жеңу арқылы Александр Бублик үздік-10 ойыншыларын қатарынан алтыншы рет жеңді.

Дереккөз: L’Equipe