Қазақстан Әйелдер теннис қауымдастығының WTA 250 турнирін алғаш рет қабылдайды. Ол Нұр-Сұлтан қаласында 26 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасай отырып.
WTA 250 астананың Ұлттық теннис орталығында өтеді. Әйелдер теннисінің әлемдік жұлдыздары әйгілі кубок пен 250 рейтингтік ұпай үшін күреседі. Спорттық іс-шара әлемнің 70-тен астам елінде көрсетіледі.
«Бұл үлкен масштабтағы оқиға болады. Екі апта бойы Қазақстан әлемдік теннистің басты назарында болады, өйткені алдымен ATP 250 ерлер турнирі, ал одан кейін бірден WTA 250 әйелдер турнирі өтеді. Біз бүкіл әлем бойынша теннис ойыншылары мен жанкүйерлеріне ұмытылмас әсер қалдыру үшін бар күшімізді саламыз», — деп уәде берді Astana Open WTA 250 турнирінің директоры Питер Джонстон.
Әйелдер турнирінің негізгі раундына Қазақстан ұлттық құрамасының барлық көшбасшылары қатысады.
ATP 250 және WTA 250 басталғанға дейін елордада Қазақстан чемпионаты өтеді. Жеңімпаздар Wild card негізгі торға, ал финалистер – біліктілікке алады.
Дереккөз https://prosports.kz/news/513603-kazahstan-vpervye-primet-turnir-serii-wta-250