Ақтық сайыста қазақстандық теннисші австралиялық Айла Томляновичті жеңді.
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Бирмингемде WTA 250 турнирінің финалында жеңіске жетті.
Шешуші матчта қазақстандық Австралияның өкілі Айла Томляновичті екі сетте 6:1, 7:6 есебімен жеңді (10:8).
Юлия екінші сетте 3-5 есебімен жеңілсе де, содан кейін қатарынан үш геймде ұтып, 10-8 есебімен тай-брейкке кетті.
Путинцева үшін бұл – мансабындағы үшінші және 2021 жылдан бергі бірінші атақ.
Жаңартылған рейтингте Юлия жеті қатарға көтеріліп, әлемнің 34-ші ракеткасы атанады.
Дереккөз: Informburo.kz