Елордада «Жасыл мектеп» жобасы таныстырылды, оның аясында 20 жалпы білім беретін мектепте жыл бойғы жылыжайлар салынады. Бүгін бірінші жылыжай Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне ұсынылды. Болат Өтемұратов Қоры іске асыратын жоба эко-білім беруді және табиғатқа ұқыпты қарауды дамытуға бағытталған. Ол өткен оқу жылында жобаға қатысушылар жалпы салмағы 1,26 тонна өнім жинаған Алматы мектептерінде өзін табысты көрсетті. Елордалық оқушылар бастамаға жаңа оқу жылында қосылады.
Жоба аясында жыл бойғы жылыжай құрылысы Нұр-Сұлтанның 20 мектебінде басталды. Барлық жылыжайлар мырышталған болаттан жасалған берік қаңқадан тұрғызылады және ұялы поликарбонатпен қапталады. Ылғалдылықтың қажетті деңгейін қамтамасыз ету үшін автоматты тамшылатып суару жүйесі салынады. Жылуды ұстап тұру үшін инфрақызыл жылытқыштар қарастырылған, ал қыста үй батареялары қағидаты бойынша жұмыс істейтін және атыздар бойымен орнатылған энергияны үнемдейтін су жылыту жүйесі де қосылады. Жылуды қосу және өшіру автоматты түрде термостат пен температураны өлшеу датчиктері арқылы жүзеге асырылады.
«Бұл – біз үшін өте маңызды бірлескен экологиялық және әлеуметтік жоба, ол болашақ ұрпақты еңбекқор және экологиялық білімді етіп тәрбиелеуге көмектеседі. Елорда әкімдігінің атынан Болат Уметұратов Қорына және елордалық мектептерде 20 жылыжай салуға қатысқандардың барлығына алғысымызды білдіреміз», – деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен.
«Жасыл мектептер» жобасы – бұл жыл бойғы жоба. Бұл экологиялық проблемаларды түсінуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеуге үлкен әсер ететініне сенімдімін. Мектептің әр оқушысы өсімдіктің қалай өсетінін, оған қалай күтім жасау керектігін көреді. Бұл – болашақ үшін пайдалы дағдылар», – деп атап өтті ҚР Білім министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.
Елордадағы «жасыл мектептер» – еліміздегі осындай екінші жоба, бұған дейін алматылық оқушылар мектеп жанындағы жылыжайлардың артықшылықтарын бағалай алды. 16 мектепте жалпы салмағы 1,26 тонна болатын 2-3 өнім жиналды. Ең танымал дақыл қияр болды, оның 425 килограмы жиналды, сонымен қатар қызанақ — 255 килограмм, тәтті бұрыш — 113 килограмм және жасыл — 166 килограмм жақсы өнім берді. Сондай-ақ, оқушылар бақшадан мектеп асханасына баратын құлпынай, брокколи, қызылша өсіреді. Түскі асқа дәмді балғын салаттар — бұл өз еңбегінің нәтижесі екенін түсіну мектеп оқушыларын жылыжайдағы сабақтан қалмауға одан әрі ынталандырады.
«Бұл – менің сүйікті жобаларымның бірі, Алматыда біз 16 жылыжай салдық, ал оқушылар өткен жылы бір тоннадан астам көкөніс жинады. Бұл жобаның маңызды мақсаттарының бірі – еңбекке баулу. Дәрігер ретінде маған «Жасыл мектептер» жобасының денсаулықпен тығыз байланысы өте маңызды. Өйткені, денсаулық – бұл дұрыс тамақтану және бұл біздің қанша көкөніс пен жеміс жейтінімізге байланысты», – дейді қордың қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алмаз Шарман.
Жылыжайларды салудан басқа, Болат Өтемұратов Қоры мен шақырылған сарапшылар оқушылар мен мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдар әзірледі. Жылыжай үйлестірушісі болған тәжірибелі агрономдар ұсыныстардың сақталуын бақылайды.
«Жасыл мектеп» тек жылыжай сабақтарымен шектелмейді. Мысалы, Алматыда оқушылар үшін қалдықтарды сұрыптау және қайта пайдалану бойынша қосымша шеберлік сыныптары ұйымдастырылды, сондай-ақ мектептер арасында макулатура жинауға арналған конкурс басталды. Мұғалімдердің, оқушылардың және олардың ата-аналарының бірлескен күш-жігерімен 14 тоннаға жуық макулатура жиналып, қайта өңдеуге берілді. Мұндай іс-шаралар елордалық мектептерде жасөспірімдерді жасыл өмір салтына баулу, сондай-ақ жауапкершілік пен шешім қабылдау қабілетін дамыту мақсатында өтеді.
Дереккөз: Newtimes.kz