Қазақстанда балаларда аутизмді ерте сатысында анықтауға қабілетті дәрігерлер жетіспейді

Аутизмді уақтылы диагностикалау үшін бір жастағы балаларды қабылдауға үйрену керек, дейді дәрігерлер.

Алматыда Болат Өтемұратов Қоры ұйымдастырған «Аутизм.  Мүмкіндіктер әлемі» ІІІ халықаралық конференциясы өтеді.  Панельдік сессияда Түзету педагогикасы ұлттық ғылыми-практикалық орталығының белгілі докторы Виталий Малиновский Қазақстанда аутистік спектр асқынулары қалай анықтайтынын айтты.

«Қазақстанда біз баланың жағдайын көзбен бағалаймыз, жүктіліктің ерекшеліктері, сәбидің тууы, оның өмірінің бірінші жылы туралы ақпаратты зерттейміз. Аутизм жағдайында маңызды жас 12 айдан 18 айға дейін екендігі клиникалық түрде расталды. Бұл жаста көз байланысы, сөйлеу дағдылары жоғалады, мінез-құлық өзгереді. Біздің елімізде микропсихиатрия дамымаған, аутизмді уақтылы диагностикалау үшін балаларды бір жылдан бастап қабылдауға үйрену керек. Бізде балалар ең жақсысы үш жаста психиатрға жіберіледі», – деді Виталий Малиновский.

Өңірлерде тіпті ата-аналарға бес жаста психологқа бару ұсынылады. Нәтижесінде отбасы мамандарға мүгедек балаларымен түседі.

«Құзыретті қызметкерлер ең аз медицина салаларына инвестиция салу керек. Өкінішке қарай, менің әріптестерім арасында ерте жастағы балаларда аутистңік спектр асқынулары саласында құзыретті мамадар өте аз», – деді доктор.

Қазақстанда үш жасқа дейін балаларға «аутизм» диагнозы қойылмайды. Дәрігерлер арасында бұл асқынулар әдетте психо-сөйлеу дамуының кешігуі деп аталады, ал отбасының дәрігерлерге жүгіну арқылы терең емес асқынуларды түзетуге уақыты қалмайды. Доктор Малиновский үш жылға дейін дәрі-дәрмекпен емдеуді қолданбауды жөн көреді, психологиялық түзетуге басымдық береді.

«Аутизм. Мүмкіндіктер әлемі» III халықаралық  конференциясы Алматыда 7 және 8 қарашада өтеді. Іс-шараға кез келген адам қатыса алады, барлық мәліметтер мен конференция бағдарламасы осы жерде.

Конференцияның негізгі мақсаты – әлемдік үрдістер, жетістіктер, қиындықтар мен мүмкіндіктер, үздік халықаралық және жергілікті тәжірибелер, инновациялар және аутизмі бар балалармен жұмыс істеудің тиімді үлгілері туралы ақпарат алмасу.

 

Дереккөз: https://informburo.kz/novosti/v-kazahstane-ne-hvataet-vrachey-sposobnyh-vyyavit-autizm-u-detey-na-ranney-stadii.html