ҚР жасөспірімдері тарихта екінші рет теннис бойынша әлем чемпионатының финалдық бөлігіне шықты

Шымкенттегі Beeline Arena Ұлттық теннис орталығында Азия/Oceania final Juniors Billie Jean King Сup аймағы іріктеу турнирінің бірінші жартылай финалисі анықталды.

Ширек финалда 16 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Үндістан командасын жеңді. Бірінші ойында Еркежан Жанатаева екі сағаттық шайқаста Мундхе Аруннан басым түсіп, 6:7 (3:7), 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан командасына шешуші ұпайды Аахан Ааханды 6:1, 6:1 есебімен ойсырата жеңген Ева Корышева әкелді.

Осылайша, Қазақстан командасы 2025 жылдың қараша айында Чилиде өтетін Билли Джин Кинг Жасөспірімдер кубогының финалдық бөлігіне мерзімінен бұрын жолдама алды. 2023 жылы Севильядағы әлем чемпионатының финалдық кезеңінде 16 жасқа дейінгі қазақстандық қыздар командасы 9-орынға иеленген еді.

Іріктеу бойынша жартылай финалда Ярослава Шведованың шәкірттері ертең, 16 мамырда Корея Республикасы мен Қытай Тайбэй құрамалары арасындағы текетірестің жеңімпаздарымен кездеседі. D тобында Қазақстан құрамасы Қытай (2:1), Таиланд (3:0) және Филиппин (3:0) командаларын жеңіп, бірінші орынды иеленгенін естеріңізге сала кетейік.

Дереккөз: Forbes.kz