Қосшыда Қазақстандағы алғашқы халықаралық деңгейдегі комьюнити орталық ашылды

Ақмола облысының Қосшы қаласында халықаралық стандарттар бойынша салынған ауқымды қоғамдық мәдени-спорт кешені – Қазақстандағы алғашқы көпфункционалды комьюнити орталық ашылды. 

Жобаны Болат Өтемұратов қоры іске асырды, ол қалалық инфрақұрылымды дамытуға қосылған елеулі үлес болды. Орталықтың жалпы ауданы – 8,5 мың шаршы метр, бір уақытта ол 1000 адамға дейін қабылдай алады. Құны 20 миллион доллар тұратын жоба қаланың балансына өтеусіз берілді.

Орталық спорттық, білім беру және демалыс кеңістігін біріктірді. Мұнда 233 орындық кинозал, 328 адамға арналған дәріс залы, көрме және конференц-залдар, студиялар, коворкинг және оқу залы бар кітапхана, трибуналары бар үлкен көпфункционалды спорт залы бар. Аумақта футбол, баскетбол, волейбол, теннис, үстел теннисімен айналысуға, воркаут-аймақтар және серуендеуге арналған аллея үшін спорт алаңдары жабдықталған. Балалар үшін робот техникасы мен шахматтан бастап хореография мен қолданбалы қолөнерге дейінгі үйірмелердің небір атасы бар. Ересектерге жұмыс, қарым-қатынас жасау және бос уақыт үшін ыңғайлы кеңістік жасалған. Кіру тегін, ал сабақтар мен секциялар қол жетімді бағада.

«Мемлекет басшысы  Қасымжомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қосшыда әлеуметтік нысандарды белсёді салу және жаңғырту жалғасуда. Бүгін біз Болат Өтемұратов қоры құрған еліміздегі алгғашқы көп функционалды кешеннің ашылуына куә болдық. Мұнда халық үшін – сондай-ақ балалар үшін де, ересектер үшін де  барлық заманауи жағдайлар қамтамасыз етілген», – деп атап өтті Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов. 

«Көптеген жылдар бойында біз мемлекеттің әрбір қазақстандық үшін қолжетімді жайлы әрі заманауи инфрақұрылымды құруына көмектесіп келеміз. Бұл жобада біз орталықтың әрбір қонағы Қосшыда өмір сүру сапасын арттыра отырып, өз әлеуетін іске асыра алатындай үздік әлемдік тәжірибелерді ескердікә, – деп түсіндірді Қордың құрылтайшысы Болат Өтемұратов.

Орталықтың ашылуы Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың, облыс әкімі Марат Ахметжановтың және Алмаз Шарман қоры қамқоршылық кеңесі төрағасы қатысуымен өтті.

Комьюнити орталық – бұл қарым-қатынас, оқу және белсенді демалыс үшін қол жетімді және ашық кеңістікті қамтитын заманауи халықаралық формат. Мұндай орталықтар жергілікті қоғамдастықтардың дамуына және әлеуметтік интеграцияға ықпал етеді.

Орталық Қордың Қосшы қаласына сыйға тартқан екінші әлеуметтік нысаны болды. 2023 жылдың қыркүйегінде қалаға 1,5 мың орындық заманауи жалпы білім беретін мектеп берілген болатын.

Дереккөз: TengriNews.kz