Болат Өтемұратов қоры 1 маусымда Астанада өткен AmCham жыл сайынғы марапаттау рәсімінде «Қоғамға қызмет ету» санатында Қазақстандағы Америкалық Сауда Палатасының (the American Chamber of Commerce in Kazakhstan) премиясын алды. Жеңімпаздар тәуелсіз комиссияның дауыс беру нәтижелері бойынша анықталды.
Он жылда Қор 210 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржыны қайырымдылыққа жұмсаған, оның ішінде 100 миллион АҚШ доллары 2023-2024 жылдары іске асқан жобаларға бағытталған. 100 000 аса адам Қор жобаларының бенефициарлары болды, оның ішінде, өткен жылдың өзінде 27 000-ға жуық адам бар.
Сарапшы қазылар алқасы Қордың Қазақстанның әлеуметтік дамуына 2023-2024 жылдары атқарған мына жобалары арқылы қосқан елеулі үлесін атап өтті:
- «Асыр Мирас» орталықтары: Қазақстанның 12 қаласында аутизм спектрі бұзылған балаларға арналған мамандандырылған орталықтар желісі
- «Жас Лидер Академиясы» бағдарламасы: еліміздің 124 мектебінде жұмыс істеп тұрған көшбасшылықты дамыту академиясы
- «Жасыл Мектеп» бағдарламасы: Алматы және Астана қалаларының 36 мектебінде Қор белгілеген жыл бойы жылыжайлар базасында орта мектеп оқушыларын экологиялық тәрбиелеуге бағытталған бағдарлама
- «Жайлы мектеп» ұлттық стандартына сәйкес келетін Ақмола облысы Қосшы қаласындағы орта мектептің құрылысы
- «Көмек картасы» жобасы: табиғи апаттардан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек көрсету үшін 2018 жылдан бастап Қызыл Жарты Ай және ForteBank-пен бірлесіп іске асырылып келе жатқан жоба
- 2024 жылы болған Ақмола облысындағы су тасқыны салдарын жоюға бөлінген қаржы
AmCham-ның Қазақстандағы атқарушы директоры Доррис Брэдберидің пікірі:
«Біз марапаттарды тек бизнес-компанияларға ғана емес, елдің дамуына үлес қосып жүрген коммерциялық емес ұйымдарға да береміз. Биыл Болат Өмемұратов Қорының еңбегін ерекше атап өткіміз келеді, себебі олар ең алдымен шын көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын созып, Қазақстан қоғамының дамуына айрықша үлес қосты. Одан бөлек білім беру мен жас қазақстандықтарды қолдауға арналған Қордың өзге де жобаларын атап өткіміз келеді».
Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов:
«Біздің еңбегімізді бағалаған AmCham-ға алғысым шексіз. Бұл марапат біздің көпжылдық қажырлы еңбегіміздің дәлелі, сонымен қатар мүмкіндіктерімізді одан әрі дамытуға деген ұмтылыс.
Алдағы уақытқа жоспарымыз көп – жақында Қордың қаражаты есебінен салынған Қызылорда қаласындағы әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының тұсаукесері өтеді. Одан бөлек, тамызда Есік қаласындағы жаңа мектептің құрылысы аяқталмақ, ал келесі жылы Қосшы қаласындағы Қазақстандағы алғашқы қоғамдық орталықтың ашылуы болады»