Бес отбасы жаңа үй алып үлгерді.
Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Темірбек Жүргенов ауылында Болат Өтемұратов Қоры су тасқынынан зардап шеккен 20 отбасы үшін үйлерді ресімдеу процесін бастады. Бес отбасы жаңа үй алып үлгерді. Бұл – қор жұмысының аясында табиғи апат салдарынан үйлерінен айырылған адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойыша алғашқы қадам.
«Қазіргі уақытта су тасқынынан зардап шеккендер үшін қажетті тұрғын үй көлемін анықтау мақсатында Ақтөбе облысында үйлерге техникалық тексеру жүргізілуде. Біз зардап шеккен отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың қажеттіліктерін қанағаттандыруды жоспарлап отырмыз», — деп мәлімдеді Болат Өтемұратова Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.
Бұған дейін су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету және Ақтөбе облысын қалпына келтіру үшін Болат Өтемұратов 10 млрд теңге бөлген болатын. Су тасқынының алғашқы күндерінде Болат Өтемұратов Қоры су басу аймақтарынан эвакуацияланған адамдарға шұғыл көмек көрсету үшін 680 млн теңге аударды.
Дереккөз: InformBuro.kz