Болат Өтемұратов Алматы Ботаникалық бағын қайта жаңартуға $15 млн инвестиция салады

Бақты 2019 жылдың соңына дейін қайта құру жоспарлануда

Болат Өтемұратов Қорынан Алматының Бас ботаникалық бағын қайта жаңартуға 15 млн доллар бөлу жоспарлануда. Қор «бұл – инвестиция емес, қайырымдылық көмек» деп түсіндірді. Бұл туралы қорда Бас ботаникалық бақты қайта құру тұжырымдамасы туралы Қоғамдық талқылауларда айтылды, деп хабарлайды Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының тілшісі. «Бас ботаникалық бақ инфрақұрылымның құлдырауынан, атап айтқанда, суару жүйесінің істен шығуынан зардап шекті. Шешуді қажет ететін басқа да проблемалар бар. Біріншіден, жылыжай кешенін, оның жылу жүйесін күрделі жөндеу қажеттілігі. Екіншіден, қоршау жүйелері мен жол-аяқжол жүйесін қайта құру қажет. Сондай-ақ, кіреберіс топтарының жеткіліксіздігі проблемасы бар. Бізде Тимирязев көшесінен бір ғана кіреберіс тобы бар. Қазіргі уақытта жұмыс істемейтін су бассейндері жөндеуді қажет етеді, олар сондай-ақ өсімдіктер топтамаларын жүргізуге арналған орын ретінде пайдаланылуы мүмкін. Бұл проблемалардың барлығы тұрақты қаржыландырудың жеткіліксіздігінің нәтижесінде жинақталды», – деп атап өтті «Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК бас директоры Гүлнар Ситпаева.

fb15fc24626ced50f43e328f3ec.JPG 

Айтпақшы, Болат Өтемұратов Қоры аумағы 103,6 га болатын Бас ботаникалық бақтың барлық аумағында сумен жабдықтау жүйесін орнатуды және суару жүйесін қайта құруды жоспарлап отыр. «Жобаны іске асырудың қоғамдық аймағы 27 га құрайды. Периметрі бойынша бақ қоршауларын ауыстыру, үш кіреберіс тобының құрылысы жоспарлануда. Осылайша, кіреберіс топтарын Тимирязев көшесі, «Атакент» ҚІЫО және Әл-Фараби даңғылынан ұйымдастыру жоспарлануда. Жобаны 2019 жылдың соңына дейін аяқтауға ниеттіміз», – деді «Верный Капитал» компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспанов.

8b8ad2a60da1ba7a574b1e6b98c.JPG

Ботаникалық бақтың дизайнын Ботаника және фитоинтродукция институтының жұмыс тобының қатысуымен Алматы, Польша және Португалиядан келген ландшафт сәулетшілер тобы әзірлейтін болады.

Тимирязев көшесіндегі партер жаяу жүргіншілерге арналған субұрқақтармен толықтырылады деп болжануда. Қайта құру сонымен қатар табиғатпен үйлесетін және мүгедектерге ыңғайлы болатын жол желісіне әсер етеді.

Шеберлік жоспары бойынша келушілердің қауіпсіздігі үшін бірыңғай қоршау, жарықтандыру және бейнебақылау жүйесі орнатылады. Сондай-ақ, Ботаникалық бақтың жасыл қорын толықтыру жоспарлануда.

Жобаға жұртшылықты тарту жоспарда бар. Мәселен, Facebook, Instagram желілерінде топ құру арқылы, сондай-ақ Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі арқылы қоғаммен байланыс мәселесі талқылануда.

0b3cbda4b739fe55210c868a1d2.JPG

«Бас ботаникалық бақтың қоғамдық аймақтары 2018 жылдың соңына дейін Алматы қаласы әкімдігінің басқармасына өтеді деп жоспарлануда. Осылайша, біз бақ аумағын дұрыс күтіп ұстауды қамтамасыз етеміз. Ғылыми бөлім және нақты Ботаника және фитоинтродукция институты ҚР Білім және ғылым министрлігінің қарамағында қалады. Айта кету керек, бұл ешқандай жағдайда меншік нысанын өзгерту туралы емес. Бақ орналасқан ерекше қорғалатын аумақтың мәртебесі өзгеріссіз қалады», – деді Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әсет Масабаев.

Оның айтуынша, ешқандай жағдайда Ботаникалық бақтың аумағы құрылыс үшін немесе басқа коммерциялық мақсатта пайдаланыла алмайды. «Ботаникалық бақтың қоғамдық аймақтарын беру жерді алып қоюды білдірмейді. Ерекше қорғалатын аумақ ретінде Ботаникалық бақтың ерекше мәртебесі сақталатынын тағы да атап өткім келеді», – деді Әсет Масабаев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығы меценаттардың қаражаты мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресурстарына Алматының Бас ботаникалық бағын қайта құру барысы туралы жазды. 

Дереккөз: https://m.kapital.kz/gosudarstvo/70297/bulat-utemuratov-vlozhit-v-rekonstrukciyu-botanicheskogo-sada-almaty-15-mln.html