Болат Өтемұратов жаңа жаһандық MARI компаниясының ірі серіктесі болды

Болат Өтемұратов Ариэль Эмануэльдің басшылығымен беделді халықаралық инвесторлар консорциумымен бірлесіп жаңа жаһандық MARI компаниясына инвестиция салды, оның арасында Apollo Global Management, RedBird Capital Partners, Qatar Investment Authority, Ares Management, A16Z, сондай-ақ Google компаниясының бұрынғы бас директоры Эрик Шмидт бар.

Жаңа компания жаһандық аудиторияны тарту үшін жаңа форматтар жасау арқылы спортты, өнерді және мәдениетті біріктіретін активтер мен брендтер портфолиосын құруды жоспарлап отыр.

MARI компаниясы ATP Masters 1000 және WTA 1000, сондай – ақ Mubadala Citi DC Оpen санатына кіретін Madrid Open және Miami Open секілді екі белгілі теннис турнирін сатып алу туралы келісімнің аяқталғанын жариялады. Компания Frieze компаниясының ең ықпалды халықаралық өнер ұйымдарының бірін және Barrett-Jackson коллекциялық автомобильдерінің аукцион үйіндегі үлкен үлесін сатып алды.

«Мен спорт, өнер және мәдениетті біріктіретін жаңа MARI жаһандық компаниясы жобасының халықаралық инвесторлар тобына қосылғаныма қуаныштымын. Жетекші серіктестердің көмегімен MARI компаниясы Mutua Madrid Open, Miami Open және Frieze компаниясының турнирлерін сатып алды, бұл бірегей жаһандық портфолио құрудағы өршіл алғашқы қадам болды. Қазақстан үшін бұл – спортқа, мәдениет пен өнерге үздік халықаралық тәжірибелерді енгізу мүмкіндігі», – деп атап өтті Болат Өтемұратов.

MARI компаниясының негізін қалаушы Ариэль Эмануэль мен Директорлар кеңесінің мүшесі Марк Шапиро спорт, өнер және мәдениет саласындағы көп жылдық тәжірибеге сүйене отырып, компанияның даму стратегиясын анықтайды. Болат Өтемұратов Теннис активтерін дамыту стратегиясын айқындау комитетіне кіреді.

Madrid Open – 2002 жылдан бері Мадридте өтіп келе жатқан Еуропадағы ең беделді турнирлердің бірі. Ол ATP Мasters 1000 және WTA 1000 серияларына жатады және дәстүрлі түрде көктемде Caja Mágica топырақты корттарында өткізіледі. Жарыс әлемдегі жетекші теннисшілерді тартады және Ролан Гаррос жарысына дайындықтың маңызды кезеңі болып саналады.

Miami Open – Майамиде 1985 жылдан бері өткізіліп келе жатқан ATP Мasters 1000 және WTA 1000 санатындағы ірі халықаралық турнир. 2019 жылдан бастап оның аренасы – Hard Rock Stadium. Турнир көктемнің басында қатты жабында өтеді, Indian Wells-пен бірге «Sunshine Double» деп аталатын турнирге кіреді және жыл сайын ғаламшардың ең мықты ойыншыларын жинайды.

Mubadala Citi DC Open – АҚШ-тың Колумбия округінде, Вашингтонда өтетін ATP/WTA 500 бірлескен теннис турнирі және әлемдегі ең көне әрі ең беделді турнирлердің бірі, ATP/WTA 500 санатындағы ерлер мен әйелдерге арналған бірден-бір біріктірілген турнир.

Frieze – 1991 жылы Лондонда құрылған ең ықпалды халықаралық арт-ұйымдарының бірі. Лондон, Нью-Йорк, Лос-Анджелес және Сеулдегі беделді заманауи өнер жәрмеңкелерімен және аттас заманауи өнер журналымен танымал. Frieze арт-индустриядағы әлемдік трендтерді белгілей отырып, жетекші галеристерді, суретшілерді және коллекционерлерді біріктіреді.

Barrett-Jackson – 1971 жылы Расс Джексон мен Том Барретт негізін қалаған коллекциялық автомобильдерді сатуға маманданған американдық аукцион компаниясы. Компанияның штаб-пәтері Аризона штатының Скотсдейл қаласында орналасқан. Компания классикалық қозғалтқыштары мықты маслкарлар мен заманауи гиперкарларды қоса алғанда, ассортименті көп лоттары бар керемет іс-шараларды өткізетін коллекциялық автомобильдер аукциондары нарығында көшбасшы ретінде танымал.

Дереккөз: TengriNews.kz