Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күнінде Болат Өтемұратов Қоры ата-аналарды балалардағы аутизмнің алғашқы белгілеріне назар аударуға шақырады.
«Аутизм спектріндегі асқынулардың көптеген көріністері бар, сондықтан аутизммен ауыратын екі адам бірдей болмайды. Егер сөйлеудің болмауы, ұйқының бұзылуы немесе агрессия сияқты кейбір көріністер ата-аналарды дәрігерлерге тезірек жүгінуге мәжбүр етсе, онда бала ұялшақ немесе жатырқағыш болып көрінген жағдайда уақытты жіберіп алуы мүмкін. Сондықтан ата-аналарға аутизмнің алғашқы белгілеріне қырағылық танытып, мамандарға жүгіну маңызды», – деді Болат Өтемұратова Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.
Қазақстанда «аутизм» диагнозы 3 жастан кейін қойылады. Алайда, әлемдік тәжірибеде ертерек диагноз қоюға арналған құралдар қолданылады. Мысалы, M-Chat тесті ата-аналарға баланың алғашқы диагностикасын өз бетінше жүргізуге мүмкіндік береді. Болат Өтемұратов Қоры бірінші болып M-Chat тестін қазақ тіліне аударды, бұл оны одан да көп қазақстандық отбасыларға қолжетімді етті. Қазақ және орыс тілдеріндегі тест www.asylmiras.org сайтында тегін қолжетімді.
Ата-аналар мен отбасы мүшелері баланың мінез-құлқын тәулік бойы бақылайтындықтан, аутизмнің алғашқы белгілеріне назар аудару маңызды:
- көз байланысының, жауап күлімсіреудің және аты-жөніне жауап әрекеттің болмауы;
- ым-ишаратты шектеулі қолдану, көрсету ишаратының болмауы;
- сөйлеу мен дыбыстардың болмауы;
- құрдастартарына және бірлескен ойындарға деген қызығушылықтың төмендігі;
- заттарды (ойыншықтарды) қатарға тұрғызуға деген ұмтылыс;
- қажетсіз мінез-құлықтың көрінісі: агрессия, өзіне қарсы агрессия, өтініштерді орындамау;
- дыбыстық тітіркендіргіштерге жоғары сезімталдық.
«Аутизм. Баршамызға бір әлем» бағдарламасын Болат Өтемұратов Қоры 2015 жылдан бері іске асырып келеді. «Асыл Мирас» орталықтары Қазақстанның 10 қаласында табысты жұмыс істейді, жақын арада Қарағандыда тағы бір орталық ашылады. Орталықтардың қызметтері ақысыз негізде ұсынылады. Орталықтардың барлық мамандары АСА ерте жастан анықтауға және балаларда жетіспейтін дағдыларды дамытуға мүмкіндік беретін сертификатталған халықаралық оқытудан өтті. Өткен жылдың өзінде курстарды 2 150 бала аяқтады, ал интервенция бағдарламасының орталықтары болған 8 жыл ішінде 11 мыңнан астам бала өтті.
Дереккөз: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/2-aprelya-vsemirnyiy-den-informirovaniya-ob-autizme-465468/