Нархоз – Қазақстанның ең көне университеттерінің бірі. Ол 1963 жылы экономикалық университет ретінде құрылды, бүгінде Нархоз оқытудың барлық деңгейлері бойынша 50-ден астам кең ауқымды бағдарламаларды жүзеге асырады: бакалавриат, магистратура және докторантура. Осы жылдар ішінде 150 мыңнан астам адам Нархоз түлектері болды, олардың көпшілігі мемлекеттік құрылымдарда басшылық лауазымдарда.
Нархоз TimesHigherEducation беделді рейтингінде
Өткен жылдан бері британдық TimesHigherEducation (THE) журналы жариялай бастаған UniversityImpactRankings рейтингіне екі қазақстандық жоғары оқу орны ғана енді. THE әлемде алғаш рет жоғары оқу орындарын олардың қоғамның тұрақты дамуына әсер ету деңгейі және БҰҰ айқындаған тұрақты даму салаларындағы мақсаттарға қол жеткізуге қосқан үлесі бойынша бағалауды ұсынды.
Тарихи тұрғыдан мықты экономикалық база университетке бизнес, экономика, менеджмент және құқықтану саласында ерекше кадрлар даярлауға мүмкіндік береді. Өз ісінің кәсіпқойлары бола отырып, бүгінде Нархоз түлектері қаржы министрінен бастап Қазақстандағы Forbes тізімінің көшбасшыларына дейінгі экономиканың мемлекеттік және корпоративтік секторларының ең жоғары лауазымдарын атқарады.
18 мамырда Президенттің жарлығымен Нархоз университетінің түлегі Ерұлан Жамаубаев Қазақстан Республикасының қаржы министрі қызметіне тағайындалды. Ол «Экономика» мамандығы бойынша диплом иегері, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтан кейін Үкімет құрамындағы екінші министр – Нархоз түлегі болды. Нархоздың тағы бір түлегі – Әлібек Нұрбеков Гарвардтың магистранты атанды. Ол беделді Edward A. Mason бағдарламасының шәкіртақысын алып, HarvardKennedySchool оқу орнында мемлекеттік басқару саласында оқиды. Бұл жүздеген басқа түлектердің бірлі-жарым сәтті оқиғалары ғана.
Жаңа стратегия-2025 онлайн шындыққа бейімделу ретінде
Нархоз университетінде білім беру халықаралық стандарттар мен тәжірибелерге бағытталған, дейді ректордың міндетін атқарушы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Станислав Буянский. Шындығында, дәл осы стандарттар пандемия мен карантин жағдайында өзгеріске ұшырады – Нархоз стратегиясына әсер етіп, оқыту онлайн режимге көшті.
«Бүгінгі таңда коронавирустық пандемия сияқты көптеген күтпеген сыртқы факторлар қысқа және орта мерзімді міндеттерді жүзеге асыруға кедергі келтіруі мүмкін. Қазақстан мен Орталық Азияның көптеген университеттері персоналды қысқарту және филиалдарды жабу арқылы өз позицияларын әлсіретуге мәжбүр болған жағдайда, Нархоз Университеті өзін дағдарысқа қарсы менеджменттің жоғары деңгейі бар университет ретінде танытып қана қоймай, белсенді дамуды, жағдайға қарамастан жаңа академиялық бағдарламалардың ашылуын көрсете алады. Біз университетті экономикалық дағдарыс жағдайында да бітіргеннен кейін табысты мансапқа кепілдік бере алатын оқу орны ретінде белгілеуге тырысамыз», – дейді Буянский.
Нархоз жаңа стратегияны қабылдады: 2025 жылға қарай ЖОО білім берудің инновациялық тәсілдерін қолдану негізінде дарынды жастарды тарту орталығы, Орталық Азияда экономика, бизнес, құқықтану және әлеуметтік ғылымдар саласында басқарушылық құзыреті бар мамандарды даярлауда көшбасшы болуды жоспарлап отыр. Қаржылық тұрақтылық, жоғары тиімділік, университеттің ұлттық және халықаралық рейтингтердегі өсуі, талапкерлердің жыл сайын 1500 адамға дейін өсуі және ғылыми саладағы көшбасшылық дамудың айқындаушы бағдарлары болып қала береді.
«Жоғары білім нарығындағы кең ұсыныс әр студент үшін бәсекелестік пен күресті ынталандырады. Осы тұжырымдама шеңберінде білім беру процесінің үш бағытын дамытуға назар аудару туралы шешім қабылданды: біріншіден, неғұрлым бәсекеге қабілетті және танылған ұлттық бағдарламаларды жаңғырту; екіншіден, мемлекеттік органдар мен бизнес-құрылымдар үшін корпоративтік бағдарламалар мен біліктілікті арттыру бағдарламаларын белсенді ілгерілету; үшіншіден, шетелдік әріптес университеттермен екі дипломдық бағдарламаны дамыту», – дейді ректордың міндетін атқарушы.
Университет құрамына дайындық бағыттары бойынша төрт мектеп, сегіз ғылыми-зерттеу орталығы, ғылыми-білім беру департаменттері, Қазақстан өңірлеріндегі бес өкілдік, сондай-ақ экономикалық колледж кіреді.
«Қаржы», «Құқықтану», «Есеп және аудит», «Ақпараттық жүйелер», «Мейрамхана ісі», «Экономика», «Маркетинг» және «Менеджмент» сияқты мамандықтар «Атамекен» ҰКП нұсқасы бойынша үздік білім беру бағдарламаларының рейтингіне кіреді.