Булат Утемуратов

Батырхан Шөкенов атындағы байқаудың жеңімпаздары жарияланды

26-30 қараша аралығында Алматыда Батырхан Шөкенов атындағы ағаш үрмелі аспаптарда орындаушылардың I Республикалық байқауы өтті. Байқау бес номинация бойынша өтті: флейта, гобой, кларнет, фагот және саксофон-альт.

 

 

«Флейта» номинациясы

II сыйлық – Елибаева Хадиша (Астана)

III сыйлық – Солтыханова Роза (Астана)

 

«Гобой» номинациясы

I сыйлық – Жайлаубаев Алматы (Астана)

II сыйлық – Әлиев Ислам (Астана)

III сыйлық – Абдрахманова Лилия (Астана)

 

«Кларнет» номинациясы

II сыйлық – Дауткан Тілек (Астана)

 

«Фагот» номинациясы

I сыйлық – Аширматов Олжас (Алматы)

II сыйлық — Данабек Ерқанат (Алматы)

III сыйлық — Сапабеков Талғат (Алматы)

 

«Саксофон-Альт» номинациясы

I сыйлық — Мусаипов Арухат (Алматы)

II сыйлық – Бемм Артур (Алматы)

III сыйлық — Мадениетов Мади (Алматы)

 

Конкурстың дипломанттары:

Даркенбаева Аружан (флейта, Алматы)

 

Данильченко Анна (кларнет, Алматы)

Дәулет Толғанай (кларнет, Астана) 

Байқау финалында, 30 қарашада жас музыканттар «Қазақстан камераты» оркестрі мен Николас Краузенің (Франция) сүйемелдеуімен Моцарт пен Глазуновтың концерттік туындысын орындады. Франциядан келген қазылар алқасының өкілі осы кеште атақты ұжымның дирижері болды.

– Мен осында болғаныма және осындай керемет байқаудың қазылар алқасының құрамына кіргеніме қуаныштымын. Бұл – үрмелі аспаптар байқауында төрешіліктің алғашқы тәжірибесі, мен бұған дейін Францияда, Швейцарияда, бірақ ішекті аспаптар байқауларының қазылар алқасының мүшесі болдым. Байқауға қатысушылардың деңгейі Алматыда өте жоғары екенін атап өткім келеді. Күшті дайындық бірден сезіледі және әркім үшін бұл оқиға маңызды. Байқау жас әртістердің болашағына әсер етуі мүмкін екенін ұғыну жағымды әсерге бөлейді, – деп бөлісті дирижер және қазылар алқасының бірі Николас Краузе.

Жеңімпаздардың есімдері жабылу салтанатына арналған гала-концертте жарияланды. Оған байқау лауреаттары – Арухат Мусаипов, Олжас Аширматов, Хадиша Елибаева, Алмат Жайлаубаев, сондай-ақ Күләш Байсейітова атындағы РММОМИ-дан Биг Бэнд (көркемдік жетекшісі – Яков Хан) қатысты.

Бұған қоса, байқаудың қазылар алқасы, атақты музыканттар Кристиан Элин (саксофон, Германия) және Николай Попов (флейта, Ресей), сондай-ақ ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жанат Ержанов (кларнет) іс-шара қонақтары үшін арнайы сөз сөйледі.

– Сахнада өте күрделі бағдарламаны меңгерген және талапшыл қазылар алқасына өз шеберліктерін көрсеткен өте жас дарындарды көру – жанға қымбат. Қазақстанда жақсы музыканттар, жақсы үрмешілер бар екені қуантады. Сондай-ақ, қазақстандық композиторлардың номинацияларда көрсетілген аспаптарда қанша туындысы шырқалғаны мені қатты таң қалдырды және елордадан конкурсқа қатысу үшін қанша мықты музыканттың келгені қуантады, – деп атап өтті Батырхан Шөкенов атындағы қордың қамқоршылық кеңесінің төрағасы Бауыржан Шөкенов.

Байқаудың жабылуына орай гала-концертке Батырдың саксофон сыныбы бойынша ұстазы – 92 жасқа толған белгілі музыкант Яков Матвеевич Ткаченко қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, байқауды Болат Өтемұратов Қорының қолдауымен Батырхан Шөкенов атындағы қор ұйымдастырды. Оған 16 мен 32 жас аралығындағы 43 жас орындаушы, оның ішінде музыкалық оқу орындарының оқушылары мен студенттері және кәсіби музыканттар қатысты.

Болашақта конкурстық бағдарламаға мыс үрмелі және соқпалы аспаптар санаттары қосылады деп жоспарлануда.

Дереккөз: https://forbes.kz/news/1970/01/01/newsid_187604?utm_source=forbes&utm_medium=most_shared

Источник: https://forbes.kz/news/1970/01/01/newsid_187604?utm_source=forbes&utm_medium=most_shared

Exit mobile version