СҚО Білім басқармасының, Петропавл білім бөлімінің және Болат Өтемұратов Қорының бірлескен жобасы республикада сегізінші орталық болды.
Петропавлда «Асыл Мирас» аутизм орталығы ашылды. Бұл Қазақстандағы сегізінші орталық, онда аутистік спектрдің асқынулары (АСА) бар балаларға жоғары білікті көмек көрсетіледі.
Болат Өтемұратова Қорының директоры Марат Айтмағамбетовтың айтуынша, Қазақстанда ресми түрде 4 мыңға жуық балаға осындай диагноз қойылған, алайда нақты сандар бірнеше есе жоғары.
«Мұндай асқынудың неліктен пайда болатынын ешкім білмейді, көптеген теориялар бар, бірақ «бұл генетикалық мутациялар неге пайда болады» деген сұраққа әлі жауап жоқ. Демек, мұндай балалардың саны одан әрі арта түседі және оларға көмек қажет», – деді Марат Аймағамбетов.
Болат Өтемұратов Қоры әзірлеген «Аутизм. Баршамызға бір әлем» бағдарламасы флагмандық болып саналады, ол аутистік спектр асқынулары бар балаларды оңалту үшін озық технологияларды енгізеді және пайдаланады.
Қор осы салада танымал батыс халықаралық ұйымдарымен – Атлантадағы Джорджия штатындағы «Маркус» аутизм орталығымен, Лос-Анджелестегі Калифорния университетімен белсенді жұмыс істейді. Онда прогрессивті әдістерді әзірлейтін зертхана бар. Олардың мамандары Қазақстанға келіп, әріптестерін осында оқытады.
«Ең бастысы, біз бұл әдістемелерді орталықтарымыздың базасында ғана емес, сонымен қатар, ата-аналар мен балалар қажетті қызметтерді сол жерде алуы үшін шалғай қалаларда орналасқан мемлекеттік және жеке мекемелердің мамандарын оқытатын боламыз. Бұл бағдарламаға құрылтайшы 12,5 млн доллар бөлді, 2015 жылдан бастап біздің орталықтарға 8 000-нан астам бала жазылды және 4500-ден астам бала сөйлеуді, мінез-құлықты түзету, өмірлік дағдыларды қалыптастыру түрінде қажетті қызметтерді алды», – дейді Марат Айтмағамбетов.
Петропавлдан келген АСА бар балалардың ата-аналары облыс әкімінің есептік кездесулерінде оңалту мәселесін үнемі көтеріп отырды. «Менің балам» қоғамдық бірлестігінің басшысы Татьяна Ковалева жаңа орталықтан ата-аналар балаларға білікті көмек күтетінін айтады. Өңірде мұндай балалармен жұмыс істеу әдістері жоқ, білікті мамандар жоқ.
«Балалардың 90%-ында медициналық диагноздар, неврология бар және оны тек сабақтармен түзетудің орнына емдеу керек. Ата-аналардың алдында сұрақ туындаған кезде – медициналық араласу немесе педагогикалық, соңғысы әрдайым екінші орынға шығады, медицина отбасында басымдыққа ие. Педагогика – егер қаражат жетсе. Енді мұның бәрі балаларға тегін болады деп үміттенеміз. Қаржыны психологтар, логопедтер, дефектологтарға емес, медициналық диагнозға жіберуге болады», – деп түсіндірді Татьяна Ковалева.
Петропавлдағы «Асыл Мирас» аутизм орталығы жаңа үйдің бірінші қабатында орналасқан. Әкімдік ауданы 500 м2 үй-жай берді, жөндеу жұмыстарын жүргізді және коммуналдық шығындар мен мамандардың еңбегіне ақы төлеуді өз мойнына алады.
Болат Өтемұратов Қоры осы орталыққа технологияларды, жабдықтарды және мамандарды оқытуды инвестициялады. Марат Айтмағанбетов инвестиция сомасы 30 млн теңгені құрағанын айтады, бірақ бұл сома түпкілікті емес: жыл соңына дейін мұнда құны 40 млн теңгеге жуық барокамера қою жоспарлануда. Ата-анасы оны қатты күтеді.
«Менің баламда босану кезінде алынған гипоксияға байланысты миелин – мидың ақ заты бұзылады. Біз барокамера курсынан өткеннен кейін баланың дамуында секіріс болады, өйткені таза оттегімен нейрондық байланыстар қалпына келеді. Бірақ бұл үшін біз бір жерге ұшуымыз, баруымыз керек, баспана жалдауымыз керек. Мен бұл үшін төлеуге дайынмын, бірақ осында болсын, бізде», – дейді Татьяна Ковалева.
Қор директоры Марат Айтмағамбетов орталықтағы барлық қызметтер тегін және олар жоғары деңгейде көрсетілетінін атап өтті.
«Біздің құрылтайшымыз: орталықтың қай жерде орналасқаны маңызды емес: Нұр-Сұлтанда немесе Петропавлда қызметтердің сапасы бірдей жоғары болуын талап етеді. Біз жоғары стандарттарды қадағалайтын боламыз», – деді Марат Айтмағамбетов.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Болат Өтемұратов Қорына көмек пен ынтымақтастық үшін алғысын білдірді.
«Біздің міндетіміз – ата-аналардың балаларға ем іздеп ешқайда кетпеуі. Жыл сайын 500-ге жуық бала осы орталыққа барып, сапалы қызмет ала алады. Сонымен қатар, мұндай кабинеттерді жыл соңына дейін әрбір аудан орталығында, бүгін Тайынша ауданында ашамыз», – деді өңір басшысы.
Жаңа орталық балаларды қабылдауды бастады. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, облыста ерекше білім беру қажеттіліктері бар 18 жасқа дейінгі 4 мыңнан астам бала және «Аутизм» және «Аутистік спектр асқынуы» диагнозы қойылған 400-ден астам бала тұрады.
Дереккөз: https://informburo.kz/novosti/v-petropavlovske-otkrylsya-autizm-centr-asyl-miras-96498.html