ATR 250 Astana Open турнирінің басталуы қарсаңында «Үлкен дулыға» турнирінің жеке разрядтағы үш дүркін жеңімпазы, швейцариялық Стэн Вавринка және US Open 2020 чемпионы австриялық Доминик Тим халықаралық турнирлер шеңберінде Қазақстан Теннис федерациясы дәстүрлі түрде ұйымдастыратын әлеуметтік маңызды іс-шараларға қатысуға уақыт бөлді.
«Асыл Мирас» аутизм орталығына баруға ниет білдірген спорт жұлдыздарымен алғашқылардың бірі болып осы орталыққа баратын балалар танысты. Аутизм спектрі бұзылған (АСБ) балаларға арналған мұндай орталықтарды Болат Өтемұратов қоры Қазақстанның 12 қаласынан ашты, Астанада екі аутизм орталығы жұмыс істейді.
Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов қонақтарға аутизмнің алғашқы белгілері және уақтылы диагностиканың маңыздылығы туралы айтып, олардың назарын ата – аналарды сақ болуға мәжбүр етуі тиіс АСБ-ға тән кейбір белгілеріне аударды. Бұлар – баланың адамның көзіне қарамауы, сөйлемеуі, басқа балалармен ойнауға деген қызығушылығының болмауы, қызығушылықтың болмауы, ойыншықтарды бір қатарға тізіп қоюға немесе түстер бойынша сәйкестендіруге бейімділігі.
«Әлемдік теннис жұлдыздарының «Асыл Мирас» аутизм орталығына баратын балалармен кездесуі біз үшін жақсы дәстүрге айналды. Біз балалардың осындай кездесулерден жағымды эмоциялар алып, өздері үшін қоршаған әлем туралы жаңа білім алатынына қуанамыз. Біз жұлдызды ойыншылармен кездескеннен кейін балалар күндердің күнінде осы спорт түріне қызығушылық танытады немесе бәлкім, өздері де теннис ойнағысы келеді деп шын жүректен үміттенеміз», – деді Марат Айтмағамбетов.
«Асыл Мирас»-тың 12 орталығының барлығында да 3 жасқа дейінгі кішкентай балаларға арналған балаларды ерте қолдау бағдарламалары жұмыс істейді, өйткені дер кезінде алынған түзету көмегі баланың дербес ересек өмір сүруге қадам басу мүмкіндігін едәуір арттырады. Орталықта балалар мен ата-аналар бір-бірін жақсы түсінуге үйренеді, тіпті егер бала сөйлемесе де, дағдарыстық жағдайларды жеңе алады, құрдастарымен ойнайды. 2015 жылдан бастап АСБ-мен ауыратын 15000-нан астам бала Қор жүзеге асыратын интервенциялық бағдарламалар шеңберінде көмек алды.
Сапар туралы ұмытпас үшін әлемдік теннис жұлдыздарына балалар салған суреттер сыйға берілді.