Нархоз Университеті жайлылық пен экологиялылыққа баса назар аудара отырып, өз студенттері үшін жаңа форматтағы жатақхана салуға кірісті.
«Біз студенттерімізге әлемдік деңгейдегі білім беру қызметтерін ұсыну мақсатында Нархоздың инфрақұрылымын жетілдіруді жалғастырамыз. Бұл – университеттің ұзақ мерзімді даму бағдарламасының келесі қадамы. Студенттер үшін қолжетімді инфрақұрылымды дәйекті жақсарту, соның ішінде жақында кампусты жаңарту Қазақстандағы университеттік білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеріп, өңірдің түкпір-түкпірінен таланттар үшін магнит болатынына сенімдімін», – дейді «Верный Капитал» компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспанов.
Жаңа жатақхана ауабаптау жүйесі, кіріктірілген жиһаз және жеке санитарлық тораптары бар жайлы бөлмелерде 520-дан астам орынды ұсынады. Жобада асүйлер, коворкингтер, медициналық орталық және Wi-Fi-ға қолжетімділікпен қоғамдық аймақтар көзделген.
Жүзден астам бұталар мен ағаштарды отырғызуды қоса алғанда, аумақты абаттандыруға және көгалдандыруға ерекше назар аударылады. Ландшафттық көгалдандыру, workout-аймақтар және сирек кездесетін өсімдіктермен жабын студенттердің демалуы мен тұруы үшін тамаша жағдай жасайды.
Ойластырылған инфрақұрылым және жақын орналасу Нархоздың негізгі кампусына ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
2007 жылдан бастап Нархоз Университетін жүйелі трансформациялаумен «Верный Капитал» компаниялар тобы айналысады, ол академиялық сапаны жақсартуға және инфрақұрылымды жаңартуға ерекше назар аударады. Бұл топтың әлеуметтік инвестициялар бағдарламасына кіреді. Университет коммерциялық емес ұйым болып табылады, оның қызметінен түскен барлық пайда университеттің одан әрі дамуына жұмсалады.
Қайнар: Forbes.kz