Булат Утемуратов

Болат Өтемұратов компаниясы алтынмен өсті

«RG Gold» ЖШС 2012 жылғы JORC кодексіне сәйкес Оңтүстік және Солтүстік Райгородок кен орындарының ресурстарын есептеудің аяқталғанын хабарлады.

1996-2017 жылдар аралығында жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері есепке алынды. Нәтижелерге сәйкес, 2012 жылдан 2016 жылға дейін минералды ресурстар 1,3 миллион унциядан 4,66 миллион унцияға дейін өсті. Ал 2018 жылдың 1 қаңтарында олар 6 миллион унция алтынды құрады.

Ресурстарды жаңартылған санауды австралиялық AMC компаниясы жүргізді. Геологиялық-барлау жұмыстары барысында Оңтүстік Райгородок бойынша жалпы тереңдігі 119 мың метр болатын 420 бағаналы бұрғылау ұңғымасы бұрғыланды, ал Солтүстік бойынша – 65 мың метр болатын 264 ұңғыма бұрғыланды, деп хабарлады компания.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша JORC (2012) стандарттары бойынша минералды ресурстар

 

Кен түрі Болжалды ресурстар (Indicated) Болжалды ресурстар (Inferred) Жиыны

Кен, млн т

Сод.Au, г/т

Au, т

Au,млн унц.

Кен, млн т

Сод.Au, г/т

Au, т

Au,млн унц.

Au, т

Au,млн унц.

Оңтүстік Райгородок Тотыққан және аралас

3.8

0.72

2.7

0.09

1.2

0.54

0.7

0.02

3.4

1.1

Бастапқы

83.0

1.15

95.0

3.1

22

1.06

23

0.75

118

3.8

Барлығы

86.8

1.13

97.7

3.1

23.2

1.04

23.7

0.77

121.4

3.9

Солтүстік Райгородок Тотыққан және аралас

7.4

0.66

4.9

0.16

2.7

0.60

1.6

0.05

6.5

0.21

Бастапқы

49.0

0.96

47.0

1.5

12

0.88

10

0.33

57

1.8

Барлығы

56.4

0.92

51.9

1.7

14.7

0.83

11.6

0.38

63.5

2.1

Барлығы:

143.2

1.05

149.6

4.8

37.9

0.96

35.3

1.2

185.0

6.0

Нәтижелер RG Gold қосымша ресурстар өсімі туралы үміттерін ақтады. 2016 соңында ресурстардың өсу әлеуетін іске асыру үшін компания 2017 қыркүйегінде аяқталған қосымша, нақтылау бұрғылау бағдарламасын бастады. Нәтижесінде Оңтүстік Райгородок бойынша болжамды ресурстар екі есе өсті.

Компания бастапқы кендерді қайта өңдеу фабрикасын салудың техникалық-экономикалық негіздемесі бойынша жұмысты жалғастыруда және ресурстық базаның ұлғаюын ескере отырып, оның өндірістік қуатының тиісті ұлғаюын жоққа шығармайды. Зауыт 2021 жылы іске қосылады деп жоспарлануда.

«RG Gold» ЖШС Бас директоры Серік Сыздықов мәлімдегендей: «Біз 2017 жылы аяқтаған бұрғылаудың оң нәтижелерін көргенімізге қуаныштымыз. Алайда, біз мұнымен тоқтап қалмаймыз және 2018-2021 жылдарға арналған геологиялық барлау жұмыстарының жоспарын дайындадық. Ресурстарды жаңа бағалаумен біз болашақ даму перспективаларына сенімдірек қараймыз».

Сурет: RG Gold

«Верный Капитал» компаниялар тобының бас директорының инвестициялар жөніндегі орынбасары Даврон Рустамкулов хабарламаға түсініктеме берді: «Ресурстардың айтарлықтай өсуі жобаланатын фабриканың қуатын арттыруды қарастыруға мүмкіндік береді. RG Gold командасы және оның халықаралық кеңесшілері жобаны дамытудың әр түрлі сценарийлерін, соның ішінде АӨФ қуатын жылына 6 миллион тоннаға дейін арттыруды қарастыруда. Жаздың аяғында біз техникалық-экономикалық негіздеменің нәтижелерін күтеміз».

 

RG Gold (бұрынғы атауы – «Райгородок») – Ақмола облысының Бурабай ауданында Новоднепровск, Солтүстік және Оңтүстік Райгородок кен орындарын қамтитын Новоднепровск келісімшарттық аумағында жұмыс істейтін тау-кен компаниясы. Келісімшарттық аумақтың жалпы ауданы 67,7 шаршы км құрайды. Қазіргі уақытта компания Солтүстік Райгородок пен Оңтүстік Райгородок карьерлерінен тотыққан кен өндіруді жүргізеді және оны үйінді шаймалау әдісімен өңдейді. «RG Gold» ЖШС жалғыз қатысушысы «Верный Капитал» компаниялар тобы болып табылады.

«Верный Капитал» Қазақстандағы ірі топтардың бірін біріктіреді және жеке компанияларға тікелей инвестицияларға (private equity) маманданады. Компания 2006 жылы құрылған. Топтың портфельдік компаниялары табиғи ресурстар, телекоммуникация және медиа, тұтыну тауарлары мен қызметтері, көлік және логистика, құрылыс материалдарын өндіру, жылжымайтын мүлік және қонақ үй бизнесі сияқты салаларда ұсынылған. Компания бизнесмен Болат Өтемұратовтың инвестициялық портфелін басқарады.

Exit mobile version