Булат Утемуратов

Қазақстандық жасөспірімдер Азия командалық чемпионатының (ATP 12&U team Competition турнирі) қола жүлдегерлері атанды

Шымкентте ATF 12&U Team Competition финалдық кезеңі аяқталды. Турнирге Азияның Қазақстан, Қытай, Корея республикасы, Иран, Таиланд, Қытай Тайбэй, Үндістан, Вьетнам, Сирия, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Ливан, Индонезия Өзбекстан, Шри-Ланка, Филиппин сияқты елдерінен келген ұлдар мен қыздардың 16 мықты құрама командалары қатысты.
 
Бір апталық жарыстың қорытындысы бойынша капитан Зарина Джумаджанова бастаған қыздарымыз үшінші орынға ие болды. Қола үшін матчта қазақстандықтар Азияның ең мықты құрамаларының бірі-Қытай командасын 2:1 есебімен жеңді. Бірінші ойында Полина Лазаренко Янды 6:2, 6:4 есебімен жеңсе, Айым Қанағатова Вангқа  5:7, 4:6 есебімен ұтылып қалды, ал шешуші жұптық ойында Лазаренко Адема Альселпуловамен дуэтте Ванг/Жангты – 6:4, 6:2 есебімен жеңді. Турнирдің чемпионы қытайлық Тайбэйді 3-0 есебімен жеңген Корея құрамасы атанды.
 
Ер балаларда жеңісті Индонезия командасы иеленді, Корея құрамасын 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Қола жүлде Қытай Тайбэйінің қоржынына түсті. Қазақстандықтар бесінші орынды ие болды.

Дереккөз: Қазақстанның теннис федерациясы

Exit mobile version