Болат Өтемұратов Қоры 2019 жылы жобаларға 6 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда алты есе көп. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда қордың қамқоршылар кеңесінің мүшелері хабарлады.
Кеңес төрағасы Алмаз Шарманның айтуынша, Болат Өтемұратов Қоры түрлі салалардағы жобаларды әртараптандыру және қызметті кеңейту стратегиясын табысты жүзеге асыруда.
Осылайша, 2019 жылы құрылтайшының шешімі бойынша «Баламекен» жобасы басталды, ол бойынша Қызылорда мен Арыс қалаларында 200 отбасы – көп балалы, жалғызбасты аналар, мүгедектер, жетімдер және Арыс тұрғындарының жарылысы салдарынан баспанасынан айырылғандар үшін үйлер салынды. Қор жобаға 1,3 миллиард теңге бөлді. «Бұл – отансүйгіш азаматтардың туған мемлекетіне, отандастарының өмірін жақсартуға көмегінің жарқын мысалы», – деп атап өтті қордың қамқоршылық кеңесінің мүшесі Олжас Сүлейменов.
Алматы Ботаникалық бағын қайта құру басталды, бүгінде жұмыстар аяқталуға жақын. Болат Өтемұратова Қорының директоры Марат Айтмағамбетов айтқандай, жобаның негізгі қағидаттары өсімдіктерге ұқыпты қарау, сондай-ақ ашықтық пен жариялылық болып табылады: «Жоба әкімдік, әкімдік жанындағы Қоғамдық кеңес, БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен қоғамдық тыңдауларда келісілді».
Қор «Көмек картасы» жобасын жалғастыруда. Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Алматы облыстарында су тасқынынан зардап шеккен 400-ден астам отбасына қор жалпы сомасы 54 миллион теңгеге, ал 2 мың Арыс тұрғынына – 60 миллион теңгеге көмек бөлді.
Burabike Fest 2019 спорттық-музыкалық фестивалі алдыңғы рекордтарды жаңартты. Оған 4 мыңнан астам адам қатысты. Қайырымдылық алымдарының сомасы 300,2 млн теңгені құрады. Осы қаражатқа Қазақстан ауруханалары үшін медициналық жабдықтар сатып алынады.
Болат Өтемұратов Қоры Батырхан Шөкенов атындағы қордың жобаларын қолдайды. Олардың қатарында Батыр әндерінің ноталарын қазақ тілінде, барлық жеке шығармашылығымен толық альбомдар жинағын шығару, музыкалық ЖОО студенттері мен мектептердің дарынды оқушыларына атаулы шәкіртақылар беру, музыкалық конкурс өткізу бар.
Бұған дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Орал, Өскемен қалаларында ашылған «Асыл Мирас» аутизм орталықтарына қосымша қор Шымкент пен Петропавлда екі жаңа орталық ашты. Орталықтардың бағдарламаларына бес жыл ішінде 6 мың бала қабылданды. Орталықтар үздік әлемдік әдістемелер бойынша аутистік спектрлі асқынулары бар балаларда қажетті дағдыларды дамыту бойынша тегін қызметтер көрсетеді.
Алмаз Шарман атап өткендей, қор келесі жылы әлеуметтік жобаларды кеңейту стратегиясын жалғастырады.
Дереккөз: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/fond-bulata-utemuratova-rasshiril-blagotvoritelnuyu-386277/