Жаңа жабдық реанимация және хирургия бөлімшелеріне сыйға тартылды / Қордың баспасөз қызметінің суреті

Дастан Асанұлының өзі Болат Өтемұратов Қорынан көмек сұрады. Қайырымдылық ұйымында Қазақстанның ауруханалары мен перзентханаларын өмірлік маңызды медициналық жабдықтармен жарақтандыру бойынша бірегей жоба бар.

«2013 жылдан бастап біз үш ондаған ауруханаға, перинаталдық орталықтарға және басқа да медициналық мекемелерге жалпы сомасы 1 млрд теңгеге құрал-жабдықтарды сыйға тарттық. Ақмола облысында Есіл ауруханасы – жетінші бенефициар, сонымен қатар біздің жоба тарихындағы ең ірі аурухана», – деді Болат Өтемұратов қайырымдылық қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

Қор ауруханаларға арналған жабдықты 2013 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Burabike Fest қайырымдылық спорттық-музыкалық фестивалінен түскен ақшаға сатып алады. Ұйымдастырушылар – Болат Өтемұратов Қоры және Rixos Borovoe қонақ үйі. Фестиваль бағдарламасына қайырымдылық аукциондары, веложарыс және веложүріс, шеберлік сабақтары, концерт, пикник, спорттық жарыстар кіреді. Іс-шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ Ресей мен Қырғызстаннан спорт және белсенді өмір салтын сүйетіндер жиналады.

Өткен жылы фестивальге қонақтардың төрт мыңнан астам рекордтық саны қатысты. Қайырымдылық алымдарының сомасы рекордтық 300,2 млн теңгені құрады. Олар еліміздің сегіз медициналық мекемесін жабдықтауға жұмсалады.

Биыл Burabike Fest 29 және 30 тамызда өтеді. Болат Өтемұратов Қоры әлеуетті бенефициарлардан медициналық жабдықтарды сатып алуға өтінімдер қабылдайды.