Булат Утемуратов

«Бұл менің беделіме нұқсан келтіру үшін жасалған шабуыл»: Желіде Өтемұратовтың хаты пайда болды

Желіде Болат Өтемұратовтың өз қызметкерлеріне жазған хаты пайда болды – «Верный капитал» компаниялар тобының бас акционері өз қарамағындағыларға Ұлыбритания сотының активтерді қатыру жағдайын түсіндірді. Хаттың түпнұсқалығын компаниялар тобының баспасөз қызметі растады. 

«Құрметті қызметкерлер! Мен жеке хат жазуды шештім, өйткені мен қазір көптеген адамдар жазатын және айтатын нәрселер бойынша түсінік беру өте маңызды деп санаймын», — деп бастады кәсіпкер өз хатын.

Ол компанияның ағылшын сотының активтерді тоқтату туралы шешімін алғанын растады – бұл БТА Банкінің талап арызымен байланысты.

«Мойындаймын, мен таң қалдым. Бірден істің мән-жайын анықтай бастадым. Заңгерлер растады – сот шешімі жалған құжаттар негізінде шығарылды. Қазір біз бұл шешімді жою үшін жұмыс істеп жатырмыз, бұл уақытты қажет етеді және мәселе жақын арада шешілетініне сенімдімін. Іс жүріп жатқанда, мен ресми мәлімдеме жасамаймын. Барлық компаниялар қалыпты жұмыс істеуді жалғастырады», – делінген хатта. 

Өтемұратов қызметкерлерінің өзін сенімді сезінуі ол үшін маңызды деп жазады.

«Мен бұл жағымсыз жағдайдың сіздерге және отбасыларыңызға қалай әсер ететініне алаңдаймын. Бірден қаншама сұрақтар туындағанын түсінемін. Белгісіздк және жалпы не болып жатқанын түсінбеушілік жақындардың, клиенттердің, достардың сұрақтарымен күрделене түседі», — деп жазады кәсіпкер.

«Қазір бір нәрсе айта аламын – бұл менің және біздің компаниялардың беделіне нұқсан келтіру, біздің бизнеске зиян келтіру мақсатында жасалған шабуыл. Біз өзіміздің дұрыстығымызды дәлелдейміз», – делінген хатта.

Хат соңында Өтемұратов қызметкерлерді сабыр сақтауға және өзінің тікелей міндеттерін орындауға шақырды.

Хат ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында жазылған.

«Верный капитал» компаниялар тобының баспасөз қызметі хаттың түпнұсқалығын растады. 

«Иә, бүгін таңертең ақпарат таратылды болды, біздің барлық қызметкерлер бұл хатты алды. Бұл – ресми ақпарат. Шамасы, қызметкерлердің бірі жақын адамдарымен бөлісіп, ол желіге түскен болар», – деп хабарлады NUR.KZ редакторына «Верный капитал» компаниялар тобының баспасөз қызметінде.  

Болат Өтемұратовтың «Верный капитал» компаниялар тобының қызметкерлеріне жазған хаты. Фото: әлеуметтік медиа

Естеріңізге сала кетейік, Болат Өтемұратовты тұтқындау туралы қауесет қараша айының соңында пайда болды. Содан кейін компаниялар тобының өкілдері Өтемұратовтың Нұр-Сұлтанда екенін және жұмысын жалғастырып жатқанын айтып, ақпаратты жоққа шығарды.

Кейінірек американдық бизнес-басылым The Wall Street Journal Ұлыбританияның азаматтық соты 5 миллиард долларға Өтемұратовтың активтеріне, соның ішінде қонақүйлердегі үлестерге, банктік шоттардағы ақшаға және Burger King франшизасына Қазақстанның ең бай адамдары қатысатын сот ісі шеңберінде тыйым салғаны туралы хабарлады. 

 

Дереккөз: https://www.nur.kz/society/1888165-eto-ataka-s-celu-posatnut-mou-reputaciu-pismo-utemuratova-poavilos-v-seti/

Exit mobile version