Булат Утемуратов

Болат Өтемұратов «Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаты атанды

Болат Өтемұратов «Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаты атанды

Астанада «Жомарт жүрек» сыйлығын тапсыру салтанаты өтті. «Асыл Мирас» қайырымдылық қорының негізін қалаушы, кәсіпкер Болат Өтемұратов «Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша сыйлықтың лауреаты атанды. Марапатты Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетовке Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл табыстады.

«Алғаш рет еліміздегі қайырымдылықты ынталандыру жөніндегі күш-жігердің бір бөлігі болып табылатын «Жомарт жүрек» сыйлығы табысталуда. Қазіргі уақытта қайырымдылық және донорлық мәселелері жөніндегі кеңес құрылуда. Министрлік негізгі жауапты мемлекеттік орган ретінде ҚР қайырымдылығын дамыту тұжырымдамасын әзірлеуде. Қайырымдылық және донорлық туралы жаңа заң әзірлеу көзделуде», – деді ҚР қоғамдық даму вице-министрі Сергей Коновалов.

 

Өтемұратовқа мүсінді қайырымдылық қорының басшысы тапсырады

Өтемұратов қоры «Аутизм. Баршамызға бір әлем» бағдарламасын іске асырады. Төрт жыл ішінде 5000-нан астам бала алты аутизм орталығында көмек алды. Осы мақсатқа 12,5 млн доллар бөлінді. Осы жылдың көктемінде ШҚО-да қор су тасқынынан зардап шеккен 800-ден астам отбасына 81 млн теңге бөлді.

«Жомарт жүрек» сыйлығы кәсіпкерлерді ынталандыру, көтермелеу және уәждеу, кәсіпкерлер арасында меценаттық және қайырымдылық идеяларын насихаттау үшін құрылған. Меценаттарға қырланған гауһарға ұқсайтын жүрек пішінінде мүсін табысталады.

Сыйлық келесі номинациялар бойынша беріледі:

Әр номинация бойынша 10 адам марапатталды. Жеңімпаздар jomartjurek.com сайтында ашық дауыс беру қорытындысы бойынша анықталды. Дауыс беруге 625 мың адам қатысты.

2018 жылы 735 меценат елге 35 млрд теңгеге көмек көрсетті. Бұл ақшаға спорт нысандары, мектептер мен ауруханалар салынып, жөнделді, әлеуметтік маңызы бар жобалар қаржыландырылды.

 

29 қарашада Болат Өтемұратов Шығыс Қазақстанда «Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша облыстық деңгейде жеңімпаз, ал 30 қазанда БҚО-да сыйлықтың лауреаты атанды.

2018 жылы Орал қаласында Болат Өтемұратов Қорының көмегімен аутизмі бар балаларға арналған орталық ашылды, ол барлық қажетті жабдықтармен және оңалтуға арналған арнайы бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған.

 

Дереккөз: https://informburo.kz/novosti/bulat-utemuratov-stal-laureatom-premii-zhomart-zhrek-v-nominacii-lichnost-goda-.html

Exit mobile version