Булат Утемуратов

Болат Өтемұратов Аружан Саиннің балалардың церебралды сал ауруы бойынша зерттеулерін қолдайды

Болат Өтемұратов Қоры қоғам қайраткері Аружан Саиннің «Милосердие ерікті қоғамы» («ДОМ») қайырымдылық ұйымымен «Балалардың церебральды сал ауруының дамуындағы қауіп факторларын бағалау» тақырыбы бойынша зерттеу жүргізу туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасының балалары арасында церебралды сал ауруының әр түрлі формаларының пайда болу жиілігін зерттеу, аурудың түрі мен ауырлығына байланысты бала өмірінің пренаталды, интранаталды, постнаталды кезеңдерінде церебралды сал ауруының негізгі қауіп факторларын анықтау.

 

«Церебралды сал ауруы бар балаларды уақтылы және тиімді оңалту үшін барлық қажетті жағдайларды жасау, оның пайда болу себептерін зерттеу базасын дайындау өте маңызды. Сондықтан ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сұрауы бойынша біздің қор серіктестерді зерттеу жұмыстарында қолдау, сондай-ақ сал ауруына шалдыққан балаларға көмек көрсету бағдарламасын әзірлеуге жәрдемдесу туралы шешім қабылдады», – деді қайырымдылық қорының негізін қалаушы Болат Өтемұратов. 

Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетовтың айтуынша, зерттеудің стратегиялық мақсаты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі үшін балаларды мүгедектікке ұшыратудың алдын алу бойынша, әсіресе церебралды сал ауруының дамуы босандыру және педиатриялық қызметтердің дұрыс емес әрекеттерінің салдары болған жағдайларда ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

«2018 жылы 6 айдан 17 жасқа дейінгі церебралды сал ауруы бар балалардың 1 000 босану тарихына (096/у нысаны), амбулаториялық пациенттің 1 000 медициналық картасына (025/у нысаны) ретроспективті талдау жүргізіледі. Сондай-ақ церебралды сал ауруы бар балалардың 100 ата-анасына іріктеп жеке сауалнама жүргізу жоспарлануда», – деп түсіндірді «ДОМ» ҚҚ директоры Аружан Саин.

 

Қазақстанда соңғы он жылда церебралды сал ауруының таралуы 100 000 тұрғынға шаққанда 2006 жылдан бастап 44,6-дан 2017 жылы 73,6-ға дейін 1,6 есеге артқаны атап өтілді.

Соңғы онжылдықтарда балалардың церебралды сал ауруы проблемасы ең өзекті болды, өйткені кейбір сарапшылардың пікірінше, бұл патология әлдеқайда жиі кездеседі. Балалардың церебралды сал ауруын зерттеуге біздің елде ғана емес, шетелде де көптеген ғалымдардың назарын аударады. Алайда, осы уақытқа дейін церебралды сал ауруының таралуы мен себептері жақсы түсінілмеген.

Толығырақ: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/bulat-utemuratov-podderjit-issledovaniya-arujan-sain-voprosu-333011/

 

 

Exit mobile version