Булат Утемуратов

Болат Өтемұратов пен Роза Рымбаева Алматы қаласының құрметті азаматтары атанды.

«Алматы қаласының құрметті азаматы» атағына 10 адам ие болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

18 қыркүйекте VI шақырылған Алматы қаласы мәслихатының XVII сессиясы өтті. Алматы қаласы күні қарсаңында келесі азаматтарға «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағы берілді:

  1. Каюпова Нина Амировна -1936 жылы туған, дәрігер, профессор, Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының бас ғылыми қызметкері;
  2. Беркімбаева Шамша Көпбайқызы – 1942 жылы туған, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым экс-министрі;
  3. Рымбаева Роза Қуанышқызы – 1957 жылы туған, эстрада әншісі, киноактриса, педагог-профессор;
  4. Жолжақсынов Досхан Қалиұлы – 1951 жылы туған, театр және кино актері;
  5. Өтемұратов Болат Жәмитұлы – 1957 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері;
  6. Қуандықов Тілеуберді Кеңесбайұлы – 1973 жылы туған, А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығының Анестезиология және реаниматология бөлімінің меңгерушісі;
  7. Жұмаділ Қабдеш – 1936 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы;
  8. Алшанов Рахман Алшанұлы – 1947 жылы туған, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы;
  9. Асанов Тұрарбек Мәжілұлы – 1951 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері;
  10. Бижанов Ахан Хусайнұлы – 1949 жылы туған, Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/ru/bulat-utemuratov-i-roza-rymbaeva-stali-pochetnymi-grazhdanami-goroda-almaty_a3696353

 

Exit mobile version